Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды

Kazsport agent 2013 M06 9
172
0
0
0

  Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды. Бұл туралы Vesti.kz. жазады. Францияның ашық чемпионатында («Ролан Гаррос») екінші...

 

Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде 21-інші сатыдан түсіп қалды. Бұл туралы Vesti.kz. жазады.

Францияның ашық чемпионатында («Ролан Гаррос») екінші айналымға жеткен отандасымыз аталмыш бәсекенің қорытындысы бойынша тізімнің 52-інші сатысына жайғасты.

Ал еліміздің тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева жеті сатыға көтеріліп, 91-інші орынды иеленді. Галина Воскобоеваның да жағдайы жақсарды. Спортшы тізімнің 123-інші сатысынан 94-ке көтерілді. Айта кеткен жөн, екі қазақстандық теннисші де «Ролан Гарростың» екінші айналымына өте алмады.

Ксения Первак екі саты төмен түсіп, 114-інші орынға тұрақтады. Ал Сесиль Каратанчева бірден 10 сатыға — 129-ға дейін «құлады».


 

Оцените пост

0
Дальше