Болашақ не болмақ?

Yerzhan_Alash 2013 M06 9
235
0
1
0

Болашақ не болмақ? Дүниенің бүкіл экономикалық және интеллектуалды қауымдастығы Үнділік экономист Амартия Сенді ұйып тұрып, құлағын түріп қойып тыңдайды. Әлемнің ең озық интеллектуалдарының бірі...

Болашақ не болмақ?

Дүниенің бүкіл экономикалық және интеллектуалды қауымдастығы Үнділік экономист Амартия Сенді ұйып тұрып, құлағын түріп қойып тыңдайды. Әлемнің ең озық интеллектуалдарының бірі болып саналатын Амартия Сен сияқты біздің қазақтан неге сондай тұлғалар шықпайды деп ойлайсың. Ойласаң оның себебі бар. Қандай? Бүкіл ғылымның дені Америкадан келеді. Америка біз ойлағандай мешкей ел емес. Ол жақта 2+2 деп санасып, тиынды тиынға соққан орта тұрады. Ал біз ше? Бізден Амартиядай ғалым шықпайды емес, шығады. Шыққанмен ол адам сөз айтса, дүниежүзілік қауымдастық не дейді? "Қарағым, сенің еліңде 7 емес, 200 жұртқа берілмеген байлық бар, бірақ елің болса тоз-тозы шығып, елден ерекше кедейлікте отыр, сен керемет экономист болсаң, алдымен еліңді түзеп ал" - дер еді біздің экономистке. Біздің мырқымбайлар тек мылжыңдасқанды біледі... Қолға күрек алу жоқ, бізде күрек те шықпайды...

Қарап отырсаң, докторларды санамағанда, елімізде 5000-нан аса экономика ғылымдарының кандидаты бар екен... Атын айтпай-ақ қояйын, атағы жер жарған бір боксер да экономика ғылымынын кандидаты...

Солар нені қорғады? Соларды ақтарсақ бола ма? Нені ашып, нені тапты бұлар? Ел неге баяғы жартас бір жартас? Әлем жоқтан бар жасағанда, біз бардан жоқ жасаймыз... Сосын дүниеге қарап тұрып масаттанамыз. Дүние бізге ақымақ болғансып, ептеп бізді жеп жатыр. Ертен Чжен Минь дегендер бастаған фирмалардың дәурі басталады. Елімізде мыңдаған шаруашылық кәсіпорындары ашылып, еліміз бұрын-соңды көрмеген экономикалық дамуды бастан кешеді. Юань теңгені ығыстырады. Премьер-министр Сяолун (мағынасы жылан) деген болады, оның үстінде қуыршақ қазақ президенті болады. Дүние бізді жеп болған соң, біздің бұлшық етімізден басқа түк қалмайды. Содан соң халқымыз өзбек құсап үй салады, жұбайларымыз егін егеді. Бұны істей алмағандар Мәскеуге қайыр сұрап кетеді. Ол күн алыс емес...тек осы күнгі жолымыздан жаңылмасақ болғаны...

P.S. Суреттегі африкандықтарды көріп тұрсыз ба? Африкадағы мынау қытайлық бизнесмен жайында "The Economist" журналынан оқығанмын қателеспесем. Осы бизнесмен африкада бизнес жасайды. Африкандықтар өз жерінде бұған қызмет етеді... Бұндай жағдайдың бізде орын алуын елестетіп көріңізші... 
Мысалы мыналардың орнында қазақтар тұрса...Қандай қорқынышты...

Ержан Алаш

Оцените пост

1
Дальше