место в рейтинге
  • 966145
  • 1002
  • 38
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҮРЖАР САҚ ХАНШАЙЫМЫ — ҒАЛАМДЫҚ АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ОБЪЕКТІСІ

ҮРЖАР САҚ ХАНШАЙЫМЫ - ҒАЛАМДЫҚ АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ОБЪЕКТІСІ

Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, профессор

Үстіміздегі жылдың 31 мамыры мен 1 маусым айы тек Шығыс Қазақстан облысы, Үржар өңірі ғана емес, жалпы әлемдік деңгейдегі археология ғылымында айырықша ғылыми жаңалық әкелген уақыт болды. Бұл мәселе Қазақ археология ғылымының жаңаша бағыты мен мәртебесін айқындап берді.
Ғалымдар мен зерттеушілер Сақ ханшайымы жерленген жер көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлкей Марғұлан атындағы ҚҰҒА археология институтының Астана қаласы филиалының директоры Зейнолла Самашев жауапты территорияда табылғанын білуі тиіс. Сол себепті, табылған көне һәм бағалы жәдігерлер мен артефактілерге сараптама жасау барысында біздер З.Самашевтың пікіріне назар аударғанымыз абзал.
Алдын-ала хабарлағандай біздер осынау мың жыл тосқан ғажап жаңалықтың алғашқы куәгерлері болған "Tengrinews" ақпарат көзі, суретші-реставратор Қырым Алтынбеков, журналистер Данияр Бозов, Берікхан Тайжігітов және археолог Тимур Смагулов болғанын еске саламыз.
Алайда, Б.Тайжігітов "Егемен Қазақстан" (31.05.2013) газетіне алғаш мағлұмат бергенін айта келе, не себепті фото немес видео материал жасамағанына өкініп те отырғанымызды жеткіземіз.
Үржар аудандық "Уақыт тынысы - Пульс времени" газетін біз Интернеттен таппадық. Бұл жаңалықты қолдан беруге болмайды. Шығыс Қазақстан аймағы көрнекті археолог профессор Зейнолла Самашев (Берел қорғанын ашқан) жауапты территория. Сол себепті оны мына ұлы іске тартымуымыз керек. Біз әзірше "Facebook" порталынан "Уржарская Сакская царица" атты веб-портал аштып, енді оны ағылшын тілінде көркемдеуді қолға алудамыз. Дегенмен, жақын арада Үржар ауданы Әкімінің қолдауымын (Туристическо-археологический комплекс "Уржарская Скифская Царица" объект международного научного исследования) немесе ("Tourist and archaeological complex "Urzhar Scythian Women Queen" object of the international scientific research") тақырыбында Халықаралық Интернет-конференция өткізу керек. Бұл жөнінде біз көрнекті археолог, "Ботай мәдениеті - Botai culture in Kazakhstan" жөнінде зерттеу жүргізген профессор Robin Bendrey (University of Reading, England) хабар беріп, аталмыш дүниенің әлемдік деңгейде бағалануына жол ашуымыз керек.
Жақында (8.06.2013) біз Тұрған Мұсанов, Мұратхан Құлжабаев, Ержан Қазағұлов төртеуіміз Сақ ханшайымы жерленген жерді көріп қайттық. Сақ қорғаны Үржардан 35 км жерде "Жаңа тілек" (бұрынғы Южный) ауылы маңынан табылған.
Ханшайым қабірі бетіндегі жалпақ тасты алуға қатысқан тракторист Мұратхан Сегізбев (1 май ауылы тұрғыны) болған оқиға жөнінде мол мағлұматтар берді. Оның айтуынша Сақ қорғаны жөнінде жергілікті халық мүлде естімеген және білмеген. Бірақ, Мақаншы-Үржар-Таскескен (100 км) тас жолын жөндеу барысында ол жер тас үйіндісі ретінде асфальт төсеуге кедергі келтірген. Нәтижесінде трактористер тас жодан 3,5 метр жерде орналасқан терең қазылған "сақ Ханшайымы" қабіріне тап болған.
ҚР ҰҒА Марғұлан атындағы археология институты қызметкерлері (ғылыми топ мүшелері тек С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті профессорларынан құралғаны түсініксіз) шұғыл қазба жұмыстарын бастаған. Ол туралы мына Интерент порталдағы:
http://tengrinews.kz/strange_news/ryadom-s-sarkofagom-sakskoy-printsessyi-obnarujen-obezglavlennyiy-skelet-235291/материалдар арқылы қалың көпшілік хабардар болды.
Археологтар пайымдауынша бойы 170 см, жасы 40-45 шамасындағы Сақ Әйелі (Томирис патша туралы білеміз) аталған қабірден табылған. Оның басындағы алтыннан жасалған және түрлі өрнектермен безендірілген Сәукелесі өзіне ерекше назар аударған. Ханшайымды жерлеу дәстүрі аса салтанатты тұрғыда атқарылғаны байқалады. Жерлеу салты Есік қорғанындағы "Алтын адаммен" (К.Ақышев) ұқсас болғаны ежелгі қазақ даласындағы Сақ жауынгерлерінің орасан территорияны еркін және тәуелсіз мекендегенін көрсетеді. Қабір ішінде ағаш және саз балшықтан жасалған ыдыстар, зергерлік әшекейлер және мал сүйегі (жылқы, қой т.б) табылған.
Ханшайым орнынан бөлек жерленген (оң қолы мен басы шабылған жауынгер) келесі адам сүйектерінің табылуы әзірше құпия.
Біз зерттеу жұмысын жүргізген күні күн ашық болды. Табиғаттың бізге жайлы болуы оның алдында мол мөлшерде жауын-шашынның жауғанын байқатады. Жалпы қорғанның аумағы ұзындығы 40 метр, ені 25 метр жерді алып жатыр. Тас жол одан 3,5 - 4 м жерде тым жақын орналасқан. Жерлеу салтының бұл жерді таңдап алуы бізді алаңдатты. Жердің тым жазық болып келуі және солтүстік-шығыста 5 км жердегі Тарбағатай тау етегінің тасты-шалғынды алқаптың таңдалып алынбауы көңілімізге күдік ұялатты. Жерлеудің мұндай кездейсоқ сипат алуы жалпы салтанатты жерлеу дәстүрінің құпия түрде өткізілгенін (алтын әшекейлердің қолды болып кетпеуі, жаугершілік сапар немес жорық себептері) айғақтайды.
Жалпы рельеф мал жайылымы мен тұрмыс қарекетке өте ыңғайлы. Тарбағатайдың ортан белінен бастау алған Егінсу өзені аңғары (3 км жерде орналасқан) бұл жердің сәнін келтіріп тұр. Қорған тұрған жер аласа биіктікте (теңіз деңгейінен 75-110 м) орналасқанмен оңтүстіктен (Жаңа тілек ауылы) солтүстікке қарай (Лай бұлақ) созылған ені 50-60 м жазық жонды алқапты қамтып 8-10 км дейін созылған. Қорғаннан тік солтүстік шығысқа қарай құлай түскен жазық жон 50 м кейін тік келген қазандыққа ұқсайтын терең сайға ұласқан. Қазандық сай солтүстіктен оңтүстікке дейін едәуір алқапты алып, Тарбағатай тауының етегіне дейін созылып жатыр.Оның ені 2 км, ұзындығы жазық жонның шақырымына пара-пар.
Қорған аймағынан өзен суының алыстығына қарамастан жердің өсімдік-топырақ жамылғысы көк шалғынды алқапты қалыптастырған. Онда жабайы қызғалдақ, жусан, бетеге, шырмауық, көк мия, селеу, тікенек, бақ-бақ және қарағай ағаштары тығыз өскен.
Демек, Тарбағатайдың бұл жері көне ата-бабаларымыздың сайран құрған жері болғаны анық. Ханшайым киімі мен алтын өрнектерінде және қыш ыдыстар мен ағаш кеселерде өзге елдің мемлекеттік белгілері мен жазуларының кездеспеуі (Араб-Парсы, Қытай, Ресей, Еуропа т.б) бұл жерді мекен етке Сақтардың дербес мемлекет деңгейінде билік құрғанын және Іле мен Ертіс өзені арасында сайран құрғанын дәлелдей түседі.

Mr_Kursabaev
9 июня 2013, 16:10
2047

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 8573
  • 17
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4079
  • 12
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2807
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2779
  • 91
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2240
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2809
  • 1
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 2207
  • 33
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
вчера / 0:41
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1971
  • 13