• 10501
  • 1
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Иран-Орталық Азия байланыстары

Орталық Азия Иранның сыртқы саясатындағы маңызды векторлардың бірі. Иран аймақ елдерімен қарым-қатынасты жандандырып, аймақтың геосаяси маңызына жете мән беруде. Иранның аймаққа лидер боларлық АҚШ, Ресей, Қытай немесе ЕО сияқты державалық қуаты жоқ, дегенмен Тегеран этникалық және діни жақындықты пайдаланып аймақта белгілі бір дәрежеде болсын өз ықпалының болғанын қалайды. Өйткені Иранның аймақтағы жағымды имиджі оның халықаралық аренадағы беделіне оң сипат береді, әрі өз мүддесін қорғауға көмектеседі.[1] Иран Орталық Азия елдері үшін энергетика тасымалдауға, мұхитқа шығуға мүмкіндік беретін ара ел рөлін атқара алады. Алайда оның Батыс елдерімен арадағы қатынасы қиын болғандықтан бұл территория арқылы логистиканы дамыту Орталық Азия елдерінен үлкен тәуекелділікті талап етеді. Сондықтан кей жағдайларда мұндай жобалардан бас тартып жатады, ал Тегеран болса оларды өз территориясын тасымал ретінде пайдалануға үгіттеуге күш салумен келеді.

Бастапқыда 1990-1991 жылдары Орталық Азия елдері егемендігін, тәуелсіздігін жариялап жатқанда, бұл елдермен діни және этникалық жақындығы бар Иран мен Түркия әлі де болса Мәскеудің ықпалынан қорқып, бұл үдеріске белсене араласып кете қоймады.[2] Тек қана КСРО-ның ыдырап, енді қалпына келмейтініне көзі жеткеннен кейін ғана екі ел де Орталық Азияға қарай ашылды. Діни, этникалық (тәжіктермен), тарихи және мәдени жақындықты пайдаланып Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Алайда бұл қатынастар олар ойлағандай тереңдей қоймады. Тәуелсіздігін жаңа алған елдердің кейбірі жақын ықпалдастықтан қауіптенсе, екіншілеріне геосаяси жағдай мен Вашингтон мен Мәскеудің қысымын ескеріп қатынастарды тереңдетуден бас тартты. Иранның діни қоғамы мен Орталық Азияның зайырлы қауымы да тез тіл табысып кете алмады.

Орталық Азия елдері ішіндегі Иранмен ең терең байланыс жасап отырған ел әзірге Түркіменстан болып тұр. Оған екі елдің шекаралас болуы үлкен әсер етті. Әрі, Түркіменстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары осыған дейін басқа Одақтас елдерден әкелінетін тұтыну тауарларының жолы кесіліп, елдің мұқтаждығы артқан болатын. Сол жылдары Иран тонналап ұн мен басқа да тауарлар жіберген еді. [3] Осылай өзара түсіністікпен басталған ықпалдастық кейінгі жылдары да тереңдеп отырды. Иран жағы Түркіменстандағы көптеген жобаларға инвестиция салып, бұл елде қызмет көрсетуші фирмаларының саны артты. Құбыр төсеу, темір жол салу сияқты түрлі ірі құрылыс салаларында Ирандық фирмалардың белсенділігі жоғары. Иран тарапы Түркіменстанмен газ сатып алу туралы да келісім жасасты. Осылайша екіжақты сауда-экономикалық байланыстар кеңейді. Тіпті, Түркіменстанға ықпал ету жағынан Тегеран Мәскеу мен Анкара сияқты басты бәсекелестерін артқа тастады деп те айтуға болады.

Аймақтағы парсы тілдес бір ғана ел Тәжікістан мен Иран арасындағы саяси-дипломатиялық қатынастар жақсы дамыған. Тәжікістанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған ел де Иран еді. Содан бері екі елдің арасындағы мәдени байланыстар да артты, парсы тілі мен мәдениетіне қатысты түрлі іс-шаралар көбейді. Иран тарапы тәжік жастарына түрлі гранттар бөліп, өз елінде оқытуға да көңіл бөліп отыр. Алайда екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыстар салыстырмалы түрде төмендеу. Себебі екі елдің арасы алшақ жатыр, бұл алшақтық үлкен мәселе болмас па еді, егер Ауғанстан болмаса. Яғни, Тәжікістан мен Иранды бөліп жатқан тұрақсыз Ауғанстан екіжақты сауда айналымының артуына үлкен кедергі болып отыр. Сонда да Иран жағы Тәжікістан экономикасына инвестиция салудан алдыңғы қатардағы елдердің арасында келеді. Түрлі ірі жобаларға, әсіресе су электр станциясын салуға қатысты құрылыстарға Иран фирмалары қаржы салып отыр. Егер Ауғанстандағы жағдай тұрақтанса, онда Иран-Тәжікістан арасындағы экономикалық байланыстардың қарқынды дамитыны анық.

Аймақтағы халық саны ең жоғары мемлекет Өзбекстан мен Иран арасындағы қатынастар нашар дамыған. Қандай да бір сыртқы елдермен жақындасуға, одақтасуға қырын қарайтын ресми Ташкент Тегеранмен де терең ықпалдастыққа бармай отыр. Оның бір себебін Өзбекстанның діни қозғалыстар мен ұйымдардың жұмысын қатал бақылап, сыртқы елдерден келетін ағымдарға тосқауыл қоюға тырысуында жатыр. Әғни, Өзбекстан Иранның фундаменталистік режимінің өз еліндегі діншіл халыққа үлгі болуынан қауіптенеді. Екінші бір себебі, Өзбекстанның құрамында саны өте көп тәжік, яғни парсы тілдес этникалық топтарға Иранның ықпалы артуы мүмкін деп күдіктенеді. Тегераннан келген түрлі ұйымдардың, адамдардың тәжіктердің мәдениеті мен ұлтшылдығын көтеруге әсер етуінен қорқады. [4] Дегенмен бір аймақта жатқан елдердің ешқандай барыс-келіссіз жатуы қиын. Сондықтан Иран мен Өзбекстан арасындағы саяси-экономикалық байланыстарды жоқ деп айтуға болмайды. Иран-Өзбекстан арасында құрылыс, ауыл шаруашылығы, энергетика, транспорт пен логистика және фармацевтика салаларында әріптестік дамыған. Дегенмен екі елдің арасындағы экономикалық қатынастар мемлекеттердің бұл саладағы мүмкіндіктерінен төмен қалып отыр.

Иран-Қырғызстан арасындағы қатынастар да төмен деңгейде. Себебі Қырғызстанның экономикалық мүмкіндігі шағын ел, әрі бұл елде соңғы жылдары орын алған саяси тұрақсыздықтар кері әсерін тигізуде. Әйтсе де Қырғызстанның Ирандағы елшісі М. Шерімқұловтың айтуынша «170-тен аса Иран немесе Иран-Қырғыз біріккен компаниялары жол, үй салу сияқты құрылыс саласында Қырғызстанда қызмет көрсетіп жүр». [5]

Көріп отырғанымыздай Иранның Орталық Азиямен байланысы айтарлықтай жоғары емес. Оған себеп Иранның бәсекелестерінің көп болуы. Бұл аймақтың геосаяси маңызы артып АҚШ, Қытай, Түркия және Араб елдерінің мұнда белсенділігінің артуы, жергілікті саясаткерлерге сенімділік берді, олар өздеріне әріптес пен жасалған ұсыныстарды таңдауға көшті, мұндай жағдайда Иранның мүмкіндігі шектеулі болатын. [6] Бәрібір бәсекелестерінен қалмауды көздейтін Тегеран мұндағы байланыстарын тереңдетудің түрлі жолдарын қарастыруда. Тек қана саяси-экономикалық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, мәдени және үкіметтік емес ұйымдардың байланыстарының да артуына көңіл бөліп отыр. Жастарға гранттар беріп, жергілікті ЖОО-да Иран мәдени орталықтарын ашып, университеттер арасындағы ынтымақтастықтарды арттыруға күш салуда.

Ал, «Иранның уран байыту саясатына Орталық Азия елдерінің көзқарасы қандай?»,- деген мәселеге келсек, әзірге Орталық Азия елдерінің көбісінің бұл туралы ұстанымының ашық емес екендігін көреміз. Орталық Азия елдерінің лидерлері бұл мәселеде бейтараптық танытып келеді. Олар түсінеді, «Иран уран байытуды меңгеріп, ядролық қару жасай алғанның өзінде оны өздеріне қарсы қолданбайтындығын»... [7] Сондықтан бұл проблема Орталық Азия-Иран қатынастарына кедергі келтіріп тұрған жоқ.

Әдебиеттер

  1. Mohammad Mohaddesin, Islamic fundamentalism. Washington. Seven Locs Press, 2001. 67-бет.
  2. Bayram Sinkaya. Turkey-Iran Geopolitical Competition Over Central Asia and the Caucasus. http://www.academia.edu/1002007/Turkey-Iran_Geopolitical_Competition_Over_Central_Asia_and_the_Caucasus
  3. Feruza Jani. Relations between Iran and Central Asia (Synopsis). http://enews.fergananews.com/articles/2520
  4. Feruza Jani. Relations between Iran and Central Asia (Synopsis). http://enews.fergananews.com/articles/2520
  5. Dozens of Iranian companies operating in Kyrgyzstan: ambassador. http://www.tehrantimes.com/economy-and-business/2112-dozens-of-iranian-companies-operating-in-kyrgyzstan-ambassador-
  6. Nikolay Kozhanov. Iran Struggles Unsuccessfully for Influence in Central Asia. http://www.washingtoninstitute.org/policy-analysis/view/iran-struggles-unsuccessfully-for-influence-in-central-asia
  7. Sébastien Peyrouse. The Iranian Nuclear Crisis as Seen from Central Asia. http://www.centralasiaprogram.org/images/GMFUS-Iran_seen_from_CA.pdf
 
7 июня 2013, 18:41
1082

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3639
  • 58
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3355
  • 32
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 3054
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2709
  • 2
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
вчера / 10:18
  • 2215
  • 7
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2315
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1790
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1776
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1796
  • 49