Тікелей эфир

«Қазақстан Барысы»

Енді бірер аптадан соң қазақ күресінің жанкүйерлері еліміздің бас барысын анықтайды. 30 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде сайдың тасындай іріктелген 33 жігіт «Қазақстан Барысы» атану үшін кілемге шығады. Биылғы доданың басты қаһармандары кімдер? Үшінші рет ұйымдастырылатын турнирде бұл жолы қандай өзгерістер болуы мүмкін? Бүгін сол сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Қазақ күресінен ұйымдастырылатын «Қазақстан Барысы» турнирі биыл үшінші рет шымылдығын түрді. Бүкілхалықтық сипат алған дода алғаш рет 2011 жылы Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өткен еді. Тұңғыш рет еліміздің әр аймағынан жиналған 64 балуан еліміздің бас батыры атану үшін барын салды. 9 сағатқа созылған белдесулер нәтижесінде қызылордалық Ұлан Рысқұлдың бағы да, бабы да қатар келген болатын. Финалда тараздық Бейбіт Ыстыбаевты тізе бүктірген Ұлан турнирдің тұңғыш жеңімпазы ретінде тарихта қалды.

2012 жылы турнирдің финалдық сыны «Сарыарқа» велокешенінде дүркіреп өтті. Бұл жолы балуандар саны қысқартылып, финалға 33 балуан жолдама алды. Ал Лондон Олимпиадасына қатысып қайтқан Ержан Шынкеев ешқандай іріктеу сынына қатыспай, ақтық сынға 34-і балуан болып қосылды. Өте тартысты өткен кездесулер нәтижесінде «Тараз арланы» Бейбіт Ыстыбаевтың мерейі үстем болды. Былтыр Ұлан мен Бейбіттің жолы түйіскен жоқ. Бірақ, қатарынан екінші жыл финалға жеткен Ыстыбаев шешуші белдесуде шығыс балуаны Шалқар Жоламановты таза жеңіп, «Қазақстан Барысы» атанды.

Әне-міне дегенше үшінші маусым да басталып кетті. Ақпан айынан бастап іріктеу кезеңдеріне еліміздің бар аймағынан жүз мыңнан аса спортшы қатысқан. Ауыл-аймақ, аудан, облыс көлемінде өткен іріктеу сайыстарында сүрінбеген спортшылардың өнерін енді «Сарыарқа» велотрегінде өтетін финалдық сында таразылаймыз.

Финалда Ақмола облысының намысын қорғайтын Нұрлан Жамалов турнирдің финалына осымен үшінші рет қатысып отыр. Үш мәрте өз облысында қамшы салдырмаған ол бүгінде ішкі істер басқармасында қызмет етеді. Самбодан әлем чемпионатында үздік үштікке ілінген Нұрлан «Екпін» оқырмандарымен өз ойымен бөліскен болатын.

Нұрлан Жамалов, «Қазақстан Барысының» финалына жолдама алған балуан:

- Ең бірінші рет «Қазақстан Барысына» қатысқанымда аз-кем жарақатым болды да, бірінші айналымда-ақ қатардан шығып қалдым. Былтырғы турнирде екі белдесу өткізіп, Руслан Әбдіразақовтан ұпай санымен ұтылдым. Биыл енді үшінші рет бағымды сынап көрмекпін. Әрбір жарыс үлкен тәжірибе сыйлайды емес пе?! Мен де «көре-көре көсем» болып қалдым. Шеберлігімді шыңдадым. Енді биылғы финалда алысқа шапсам деген тілегім бар.

- «Қазақстан Барысында» салмақтың ескерілмегенін білесіз. Аса ауыр
салмақтағылармен белдесу қиын соқпайды ма?

- «Күш атасын танымайды» деген сөз бар ғой. Байқасаңыз, биылғы іріктеу сындарында салмағы жеңіл балуандар алыптардың біраз жығып кетті. Мәселен, қызылордалық Айбек Серікбаевтың салмағы 90 келі ғана. Бірақ ол өзінен салмағы ғана емес, атақ-дәрежесі де үлкен Ұлан Рысқұлды ұтып алды. Мен өзім де салмағы ауырлар қатарынан емеспін. Сондықтан, жеңіл балуандардың бабы мен бағы жанса екен деп ойлап жүремін. Себебі, салмағы ауыр жігіттердің жеңіл салмақтағы балуандарды аздап бағаламай қоятыны бар. Барлығын да кілем көрсетеді.

- Турнирдің жеңімпазына берілетін сыйақы қоры да қомақты. Сізді турнирдің атағы қызықтырады ма, әлде жүлде қорының молдығы...

- Білесіз бе, «Қазақстан Барысы» деген атақты 150 мың АҚШ долларына сатып алу мүмкін емес. Мен үшін ғана емес, финалға шыққан барлық балуанның осылай ойлайтынына сенімім мол! Ұлттық күресімізді ұлықтаған жобаның жеңімпазы болуды қазақ күресімен шұғылданатын кез-келген адам армандайды. Сондықтан, жеңімпаз атанудың ақшасынан бұрын, сыйлайтын абыройы мол.

Сөз соңында финалда белдесетін балуандар ерекшелігіне бір тоқталып өтсек:

Ең салмағы ауыр балуан — Жұманазар Ерсұлтанов (Оңтүстік Қазақстан облысы). Оның салмағы — 160 келі

Ең жеңіл салмақты балуан — Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы). Оның салмағы — 81 келі

Ең бойы ұзын балуан — Рүстем Жұмаев (Солтүстік Қазақстан облысы). Рүстемнің бойы — 198 см.

Ең аласа бойлы балуан — Сұңғат Махамбетов (Батыс Қазақстан облысы).

Сұңғаттың бойы — 173 см.

Ең жасы кіші балуан — Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау облысы). 18 жаста.

Турнирдің ең жасы үлкен қатысушысы — Мұрат Кеңтонов (Қостанай облысы). 42 жаста

Финалға жолдама алған спортшылардың ішінде 2 балуан Олимпиада ойындарына қатысқан. Атап айтар болсақ, Ринат Ибрагимов (БҚО) Бейжің және Лондон Олимпиадаларына қатысқан. Сондай-ақ, қарағандылық Ержан Шынкеев те төртжылдық ойындарына табаны тиген спортшы.

Ақырыс Сейітқазы

«Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры

Алия Arsik
10 маусым 2013, 11:31
6600

Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 25092
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 13071
  • 349
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 8631
  • 48
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 6518
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 4157
  • 28
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 6211
  • 21
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2682
  • 18
«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

Бесцеремонные попытки силовиков помешать работе журналистов демонстрируют, в каком правовом государстве мы живём. Разбить телефон, угрожать, бить – всё это для «сотрудников» в порядке вещей.
openqazaqstan
13 нояб. 2017 / 19:02
  • 2493
  • 33