Қазақстандық спортшы Татьяна Потемкина Еуропа рекордын жаңартты

Kazsport agent 2013 M06 7
168
0
0
0

  Ирландияның Вестфорт қаласында әйелдер мен ерлер арасындағы кір көтеру спортынан Еуропа чемпионаты аяқталды, оған 250-ден астам спортшы қатысқан. Теміртаулық Татьяна Потемкина жеңіске жетіп қана...

 

Ирландияның Вестфорт қаласында әйелдер мен ерлер арасындағы кір көтеру спортынан Еуропа чемпионаты аяқталды, оған 250-ден астам спортшы қатысқан. Теміртаулық Татьяна Потемкина жеңіске жетіп қана қоймай, Еуропаның рекордын жаңартты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Татьяна Потемкина 10 минутта жұлқи көтеруден 24 келі кірді 169 рет бағындырды. Бұл көрсеткіш Еуропаның жаңа рекордына айналды. Қазақстандық спортшы осы уақыт аралығында кірді 142 рет жұлқи көтерген ресейлік қарсыласының бұған дейінгі рекордынан басым түсті.

«Бұл менің және Еуропа чемпионатының жаңа рекорды. Рекорд деген спортшыға оңайлықпен келмейді, бұл менің үздік көрсеткішім. Әрине, қиын болғаны рас, мен бұл сәтке өте ұзақ дайындалдым», — дейді Татьяна Потемкина.

Еуропа чемпионаты 22 мен 29 мамыр аралығында өтті. Татьянаның айтуынша, қарсыластары да осал болмаған.

«Атап өту керек, қарсыластарымыз қол қусырып отырған жоқ, әр жарыс сайын олардың деңгейі де артып отырады. Сондықтан олардың арасынан алға суырылып шығу үшін біраз тер төгу керек болды. Екінші орынды ресейлік спортшы Оксана Загребина алды, ол кірді 160 рет көтерген, үшінші орын фин спортшысы Кристина Лалеге бұйырды – 155», — деп нақтылады Потемкина.

Еуропа чемпионатына барлығы 12 мемлекет қатысқан. Қазақстан командасы осы тізімде жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша үшінші орынға табан тіреді. Біздің спортшыларымыздың қоржынында 2 бірінші орын және 6 екінші орын бар.


 

Оцените пост

0
Дальше