Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:21, 07 июня 2013

20-26 маусым аралығында Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Blog post image

 

20-26 маусым аралығында Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыс сары құрлықтың барлық мықты командаларының басын қосады. Бақ сынаушылар арасында Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Таиланд, Филиппин және тағы басқа мемлекеттің өкілдері бар

 

Бұл жарысқа Қазақстан мынадай құрамда қатысады:

 

Ерлер

 

Арли Чонтей (56 келі) – Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының иегері.

 

Фархад Харки (62 келі) – Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогының иегері.

 

Қуаныш Рахатов (69 келі) – Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы

 

Кирилл Павлов (77 келі) – Азия ойындары ( 2010) мен Азия чемпионатының (2011) қола жүлдегері. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы

 

Ербол Мейірманов (85 келі) – Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2009).

 

Александр Зайчиков (94 келі) – Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2009).  Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011). Қазақстан чемпионы. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы

 

Сергей Истомин (105 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2006), Азия чемпионы (2009), Азия ойындарының қола жүлдегері (2010), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2011), Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысушы.

 

Ибрагим Берсанов (+105 келі) – Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2009). Жастар арасындағы әлем чемпионы (2012). Қазақстан чемпионы.

 

Әйелдер

 

Маргарита Елисеева (53 келі) – Қазақстан чемпионы

 

Карина Горичева (63 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс (2011) және қола (2011) жүлдегері. Қазақстан чемпионы.

 

Жазира Жаппарқұл (69 келі) – Дүниежүзілік жасөспірімдер ойындарының жеңімпазы (2010). Жастар арасындағы әлем чемпионы (2012), әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2013). Қазақстан чемпионы.

 

Анна Нұрмұхамбетова (75 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2011). Қазақстан чемпионы. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушы.

 

Александра Аборнева (+75 келі) – Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (2006). Азияның бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

 

Надежда Ногай (+75 келі). Жасөспірімдер арасындағы әлемнің үш дүркін чемпионы (2010, 2012, 2013). Жастар арасындағы әлем чемпионы (2013).

Бір ескере кететін жайт, 14 маусым күні бапкерлердің отырыс өтеді. Сол кезде құрамада аздаған өзгерістер болуы мүмкін

Міндетті түрде берілсе. Өтініш

Азия чемпионатының ойдағыдай өтуіне республикалық ауыр атлетика федерациясы, Спортты жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры барынша қолдау көрсетуде.

   

Соңғы екі Азия чемпионаты жайында мәлімет.

 

2011 жылы. Қытайдың Тонлинг қаласы. Қазақстан құрамасы мүшелері арасында Владимир Седов (94 келі) пен Татьяна Хромова (75 келі) күміс медальді иеленді. Кирилл Павлов (77 келі), Владимир Кузнецов (85 келі), Сергей Истомин (105 келі) және Александра Аборнева (+75 келі) үшінші орынға табан тіреді. Бұл жарыста жүлдеміз мол болғанымен, алтынның жоқтығы жалпы есепте жоғарлауымызға кедергі келтірді. Нәтижесінде 6-орынға жайғастық. Біздер Қытайдан бөлек, Иран (1+1+0), Оңтүстік Корея (1+0+0), Макао (1+0+0) және Солтүстік Кореядан (0+5+1) қалып қойдық.

 

2012 жылы Оңтүстік Кореяның Пуантаек қаласы. Қазақстан құрамасы Александар Аборнева (+75 келі) күміс медальді иемденді. Нұрсұлтан Рахатовқа да бұйырғаны – күміс. Игорь Вашанов (94 келі) пен Гүлназ Наурызова (75 келі) үшінші сатыға тұрақтады. Осы орайда ексерілуге тиіс бір жайт бар. Пуантаекте қола медальді иеленген Гүлназ – қазақ қыздары арасынан шыққан Азия чемпионатының алғашқы жүлдегері. Осы көрсеткішпен жерлестеріміз 7 орынды иеленді. Алдымызда – Қытай (6+5+1), Оңтүстік Корея (2+2+2), Өзбекстан (2+1+2), Иран (2+1+2), Тайпей (2+1+1) және Таиланд (1+0+2).

 
0
237
0