Астаналық десантшылар жауынгерлік дабылмен көтерілді

МО РК 2013 M06 6
362
0
0
0

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің басқа да бөлімдері мен құрамалары қатарында елордалық десантты-шабуылдаушылар құрамасы да «оқу дабылы» бойынша жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне...

Қазақстан Қарулы Күштерінің басқа да бөлімдері мен құрамалары қатарында елордалық десантты-шабуылдаушылар құрамасы да «оқу дабылы» бойынша жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.

ҚР ҚК Бас штабы Орталық командалық пунктінен пәрмен алысымен бригаданың жеке құрамы тактикалық-сап сабақтарын өткізуге кірісті.  Құрама командирі генерал-майор Алмас Жұмакеевтің басшылығымен жауынгерлік машиналар паркінен бронетранспортерлер, «Камаздар», танктер, «Кобра» жауынгерлік барлау машиналары, инженерлік-саперлік және басқа да техникалардан тұратын үш жүзден астам қару-жарақ пен әскери техника шығарылды.

 

Бөлім сардарлары мен сарбаздары белгіленген уақытта толық жауынгерлік мүлкімен өз позицияларынан табылды.  Әскери қызметшілердің іс-қимылдарын бөлімге арнайы шақырылған республикалық телеарналардың журналистері бақылады.

 

БАҚ өкілдері десантшылардың қысқа мерзім ішінде жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзір болып, белгіленген ауданға дер кезінде табан тірегеніне тәнті болды.

 

Бағынысындағылардың іс-қимылын бағалаған генерал Жұмакеев құрамының әскери қызметшілері жүктелген тапсырмаларды сауатты орындағанын, «оқу дабылына» сәйкес барлық техника ақаусыз от алып, белгіленген ауданға жылжығанын атап өтті.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0