Әділбек Жақсыбеков: ӘШҚҚ біріккен жүйесі ТМД елдері Қарулы күштері өзара іс-қимылының бірден-бір неғұрлым тиімді формасы болып табылады

МО РК 2013 M06 6
250
0
0
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің Минскіде өткен 64-ші отырысында ӘШҚҚ біріккен...

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің Минскіде өткен 64-ші отырысында ӘШҚҚ біріккен жүйесі ТМД елдері Қарулы күштері өзара іс-қимылының бірден-бір неғұрлым тиімді формасы болып табылады деп мәлімдеді.
 

– Бұл мәселенің тәжірибелік, жауынгерлік тараптарын пысықтау үшін осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында бөлімдердің жергілікті және тұрақты шоғырланған аумақтарында, оның шінде Ресей Федерациясының «Ашулық», Қазақстан Республикасының «Сарышаған» полигондарында оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған, – деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков.

 

Қазақстан Қорғаныс ведомствосы басшысының айтуынша, осы тектес ынтымақтастық ТМД армияларының жауынгерлік өзара іс-қимылын нығайта түспек. – Қазақстан Республикасына келетін болсақ, Ресей Федерациясымен ӘШҚҚ біріккен жүйесін құру біздің әскерміздің қорғаныс қабілеті мен оның жауынгерлік мүмкіндіктерін арттырады және әріптестерімізбен өзара іс-қимылдың негізін құрайды, – деп атап өтті Қазақстан Қорғаныс министрі.

 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ТМД елдері Қорғаныс ведомстволарының басшылары Минскіде өзара іс-қимыл, сондай-ақ алдағы жылы бірлескен оқу-жаттығулар мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің іс-шараларын өткізу мәселелерін талқылаған болатын.  Отырыста тараптар өзара іс-қимыл, сондай-ақ келесі жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары мен іс-шараларын өткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жұмыс барысында Қорғаныс министрлерінің кеңесі 1993 жылғы 12 наурызда жасалған Әскери мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін пайдалану және оларды бұдан әрі дамыту туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады.

 

Қорғаныс ведомстволарының басшылары биыл «Воин содружества» атты достас армиялардың әскери қызметшілері әскери-кәсіби шеберлігінің Халықаралық конкурсын ұйымдастыруға шешім қабылдады. Отырыс барысында бірнеше баяндама тыңдалды. Қазақстандық делегацияның атынан Қарулы Күштер инженерлік әскерлерінің бастығы – ҚР ҚК Арнайы әскерлер бас басқармасы инженерлік әскерлер басқармасының бастығы полковник Қонысов Нұрлан және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығы подполковник Жанғұлов Саят сөз сөйледі.

 

Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктері заң қызметтерінің өзара іс-қимылы туралы баяндады. ҚМК шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне ең үздік журналистік шығармаға жарияланған байқаудың қорытындысы шығарылды. Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында 2017 жылды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Отан қорғаушылар жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше