Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
01:32, 06 июня 2013

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ ӘРБІР ЖАСТЫҢ МІНДЕТІ!

Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Ата-бабалардың игі дәстүрін ұрпақтары жалғастырып келеді. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр», «Жетімнің көз жасы удан да ащы» деген сөздеріне қарамастан жетім мәселесі күрделеніп келе жатқаны жасырын емес. Сол себепті жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қоғамның назарын аударту үшін 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен «Жас Отан» ЖҚ бірнеше қайырымдылық шараларды ұйымдастырды.Сондай игі бастаманың бірі 2013 жылдың 6 сәуірінде бастау алған «Менің арманым...» қайырымдылық жобасы.

Blog post image

Жоба аясында Сарымолдаев балалар үйінің екі тәрбиеленушісі Б.Назым және Ш. Есімжан «Deta-Elis» жекеменшік клиникасынан тегін ем қабылдап, медициналық көмек көрсетілуіне жастардың жанашыры "жасотандық" өрендер өз септігін тигізді. Жас болса да қалай ауруға шалдықты деген сұрақ көп адамды мазалауы мүмкін. Бірақ, ауру адам таңдамайды екен. Клиникадағы білікті, білімді дәрігерлердің көмегі арқылы бүлдіршіндер өз ауруларын жеңіп бақытты өмір сүруге мүмкіндік алды.

Blog post image

Кез-келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйлауы мүмкін, ал біреулері қиын сәтте көмек жасайды. Болашағымызға немқұрайлы қарамайтын бірқатар азаматтар балаларға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, аталмыш жоба аясында қолдау көрсетті. Олар: «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы, «Deta-Elis» жекеменшік клиникасы, «TV-Duken» тұрмыстық тауарлар дүкені, ТОО  «Мерке – финанс - кредит», Барлыбаев видеография студиясы, «Гайдбук» алғашқы жылтыр журналы мен «Quest» журналы.

Blog post image

Партия облыстық филиалының қолдауымен 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай жамбылдық "жасотандықтар" «Менің арманым!» атты қайырымдылық кеш өткізді. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға аға буын өкілдері жылы лебіздерін білдірді.

Blog post image

Бүлдіршіндерге қызықты, түрлі форматтағы  номерлермен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Blog post image

Blog post image

Оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері  де өз өнерлерін көрсетіп ән айтып, би биледі.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Өнерпаздар сиқыр көрсетіп, әр түрлі музыкалық аспаптарда ән шырқалды. Сондай-ақ, әзіл-ысқақ театрының әртістері жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілін көтеріп күлкіге бөледі.

 

Blog post image

Blog post image

Партия облыстық филиалы тарапынан Сарымолдаев атындағы балалар үйі мен мүгедек балаларға арналған интернат үйінің бүлдіршіндеріне үлкен-кіші жұмсақ ойыншықтар, жеміс-жидектер мен тәттілер сыйға тартты.

Blog post image

Blog post image

Сонымен қатар, бүлдіршіндерге демеушілер тарапынан тұрмыстық техникалық заттар, мүгедек балаларға қажетті құралдар сыйға беріліп, балалардың шығармашылығынан туындаған дүниелер мен алғыс хаттар тапсырылды.

Blog post image

Blog post image

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»-дейді халқымыз. Осындай шараның бірі партияның қоғамдық қабылдау бөліміне келген Тараз қалаcы, 5 мөлтек ауданы, 24 үй, 63 пәтердің тұрғыны II топтағы мүгедек А.Зубов пәтерін жөндеуден өткізіп беруге көмек керектгі турасында өтініш білдірген болатын.

Blog post image

Партияның Жамбыл облыстық филиалы «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры, партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіровке хат жолдап, А.Зубовтың пәтеріне күрделі жөндеу жасап, газ, жылу кіргізуге көмектесуін сұранған болатын. Мінеки, партия облыстық филиалының қолдауымен «Казфосфат» ЖШС пәтерге күрделі жөндеу жасап, газ, жылу кіргізіп берді.

Blog post image

Сондай-ақ кәсіпкер тоңазытқыш, газ плита, музыкалық орталық (муз.центр), теледидар, кілем сыйға тартты.

Blog post image

Blog post image

Осыған орай 31 мамыр күні пәтер иесіне күрделі жөндеуден өткен пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды.

Blog post image

Александр Зубов «Нұр Отан» партиясы мен  «Казфосфат» ЖШС-нің басшылығына алғысын білдірді.

Blog post image

«Бала-өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. "Жасотандықтар" аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сеніммен адалдықтың нұрын ұялатуда. «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында өткізілген шараларымыз бен игі бастамалырымыз 20 маусымға дейін жалғасын таппақ.

Кейінгі кездері біз тек өз проблемаларымызбен ғана жүреміз. Бізді не қобалжытады? Ақша? Атақ? Танымалдық? Бірақ та бұдан басқа да маңызды нәрселер бар бізде. Олар – біздің бүлдіршіндеріміз – біздің болашағымыз! Осыны ұмытпауымыз керек.

   
2
7483
0