Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:30, 07 июня 2013

Мамандықты қалай таңдадым?

Көптен күткен 11-ші сыныпқа да келіп қалдық. Мен (Жүнісов Еділ) Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында оқып жүрген кезім. Бұл мектепке түсуімнің өзі жеке әнгіме және мектептің мамандығыма тікелей әсер еткені белгілі.

Қырқүйектің 1-нен бастап мектепке келген сыныптастарымның әнгімесі ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тест) мен мамандық жайлы болды. Сыныптастарымның бәрі алда келе жатқан ҰБТ-ға белсенді түрде дайындала бастады. Біздің мектеп техникалық бағытта сабақ беретін болғандықтан сыныптастарымның көп бөлігі таңдау пәні ретінде физиканы таңдады. Олардың ішінде менде бар едім. Ол кезде біздің мамандық жайлы білетініміз көп емес еді, сондықтан біздің арамызда өз мамандығын таңдамағандар көп еді. Қайсы мамандық қандай деп таныстарымыздан сұрап жүретін едік.

Ал менің ақпараттық жүйелер мамандығын таңдайтынымды 10-шы сыныпта анықтап алған едім. Менен екі сынып жоғары оқыған досым (Бекжанов Бақдаулет) Ақпараттық технологиялар (IT)  университетінде ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша оқып жүрген еді. Бақдаулеттің жасаған сайттын http://sen-ushin.kz/ көріп менің де сол секілді сайттар жасағым келді. Сол кезден бастап сайттарға деген қызығушылығым арта түсті. Арманымның бәрі мектепті бітіріп сайт жазуды үйрену болды. Сол сәттен бастап Ақпараттық жүйелер мамандығына түсемін деп мақсат қойдым.

11-ші сыныпты бітіріп, ҰБТ-ны тапсырып болғаннан кейін Алматыға келіп Қазақ-Британ техникалық университетіне (ҚБТУ) ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша түстім. Кәзіргі уақытта осы университеттің 2 курс студентімін.

0
1251
0