• 417301
  • 24
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Кадеттер емтихан тапсыруға кірісті

Бүгін Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусында бітіру емтихандары басталды. Биыл Кадет корпусын 200-ден астам кадет бітіріп шықпақ. Екі жыл бойы осы оқу орнында білім алған жас жігіттер мемлекеттік аттестаттау комиссиясынына қол жеткізген кәсіби біліктіліктерін көрсетеді. Олардың отыздан астамы үздік дипломға қол жеткізеді деген нық сенім бар.

Атыс және тактикалық даярлық бойынша мемлекеттік емтихандар өткізу үшін Кадет корпусының оқу-жаттығу орталығы дайындалды. Қару-жарақ пен әскери техниканың құрылысы, оны жөндеу мен пайдалану бойынша емтихан зертхана ғимаратында, сондай-ақ дене даярлығы бойынша спорт базасында өткізіледі.
Биыл Кадет корпусынан 15 бітірушілер тобы қанат қағады.  Құрылғаннан бері бұл оқу орнын 1800-ден астам кәсіпқой сержант бітіріп шығып, әскерлеріміздің сапында абыроймен қызмет атқаруда.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылғы шілде айында құрылған. Осы оқу орынының қабырғасынан 1999 жылы бітіріп шыққан алғашқы түлектердің бірі – шебер-сержант Темірбек Халықов бүгінде Қарулы Күштердің Бас сержанты. Кадет корпусының өзге де түлектері әскери жоғары лауазымдарда қызмет атқаруда.
Қазіргі сәтте Қазақстан Қарулы Күштері кәсіпқой сержанттар институтын енгізу бойынша алдыңғы қатардан орын алады. Кадет корпусын құру және қалыптастыру жөніндегі Қазақстанның тәжірибесін ТМД мемлекеттерінің қарулы күштері зерделеуде. Осы мақсатта Кадет корпусына Арменияның Ресейдің, Украинаның, Беларусьтің және басқа да елдердің әскери делегациялары жиі келіп тұрады.
Кадет корпусының бастығы подполковник Талғат Баудинов - «Кәсіпқой сержант» түсінігін бізді бітірушілер іс жүзінде дәлелдеуде. Олар жауынгерлік даярлық бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мотоатқыштар атыс қаруының барлық түрінен ата біледі, әрқашан «жақсы» және «үздік» деген бағаларға ие болады, қаруды көзін жұмып бөлшектеп, қайта жинау оларға еш қиындық туғызбайды. Біздің түлектеріміз әскерлердегі әскери техниканы пайдалану мен жөндеуде, атыс және тактикалық даярлық кезінде үздік нәтижелер көрсетуде.
Оқуды аяқтаған кадеттер «Әскери басқару» мамандығы бойынша «әскери басқарудың кіші маманы – менеджер», «В. С. санаттарының жүргізушісі», «Жауынгерлік машинаның үшінші сыныпты жүргізушісі»  біліктіліктерін алып шығады.
Оқу процесінде кадеттер ағылшын тілін тереңдетіп меңгеріп, әскерге келіп түскенде шетелдік әскери қызметшілер қатысатын халықаралық оқу-жаттығуларда тілдік қиыншылыққа кезікпейді.
Бір уақытта Кадет корпусында 500-ге жуық кадет білім алады. 2014 жылдан бастап оқушылар санын екі есеге көбейту жоспарланған, бұл Қарулы Күштердің даярланған кәсіпқой сержанттарға қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.
Жылдан жылға Кадет корпусына түсуге тілек білдіргендер саны артып келеді. Қазіргі уақытта қабылдау конкурсы бір орынға 3 адамды құрайды.  Бұл ретте талапкерлерге денсаулық жағдайы бойынша қатаң талап қойылады. Қабылданғанға дейін кадеттер үш рет медициналық комиссиядан өтеді.
– Кәсіпқой сержант әскери қызметшілермен тікелей қарым-қатынаста болып, оларды даярлауды қамтамасыз ететін бірінші адам болғандықтан олардың даярлығына Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығы үлкен мән беріп отыр. Сондықтан да кәсіпқой сержант жан-жақты жетілген болуы тиіс. Кадет корпусы қойылған міндеттерді табысты атқарып келеді. Кадет корпусын бітірушілердің кәсіби деңгейі жоғары бағаланады, – деп Қарулы Күштердің Бас сержанты Темірбек Халықов атап өтті.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
 
МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
4 июня 2013, 17:18
339

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 7973
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5363
  • 22
Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Произошедшая в сентябре одновременная остановка двух казахстанских НПЗ из трёх и последовавший за этим топливный кризис – это для Казахстана уже не ново. История повторяется каждый год.
openqazaqstan
11 окт. 2017 / 16:32
  • 4273
  • 44
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 2910
  • 11
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 2774
  • 12
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 2960
  • 19
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
вчера / 11:32
  • 2001
  • 15
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15