Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:56, 04 июня 2013

«Таңсәрі» елінде тәжірибе жинақтайды

Blog post image

 

Жақында таэквондодан еліміздің ұлттық құрамасы Кореяға аттанып кетті.Қазір біздің спортшылар сол елдің таэквондошыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Соңғы жылдары біздің таэквондошылар оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін осы мемлекетке жиі барып жүр. Себебі таэквондо – осы елдің төл спорты, ұлттықөнері. Яғни шығыс жекпе-жегі өнерінің осы түрін олардың өздерінен артықмеңгерген ешкім жоқ деуге болар.

Жалпы, Кореяға барып, бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізетін жалғыз біздіңел емес. Басқа да елдердің ұлттық құрамалары таэквондоның отанына барып, шеберліктерін шыңдап жүр. Әсіресе әлем чемпионаты сияқты дүбірлі доданыңқарсаңында Кореяға сабылатын елдер аз емес.

Ал кәрістер өздерінің төл спорттарының мәртебесін асыра түсу үшін, оны насихаттау мен тәжірибелерімен бөлісуден бас тартпай, керісінше, айрықша көңіл бөліп келеді.

Бас бапкері Бауыржан Аманқұлов болып табылатын біздің елдің ұлттық құрамасы «Таңсәрі елінде» үш аптаға жуық жаттығады.

Тәжірибе жинақтауға аттанған ұлттық құрама сапындаоңтүстікқазақстандықтар Шоқан Ержанов (54 келі), Жалғас Бекқасымов (58 келі), Нұрсұлтан Мамаев (63 келі), алматылықАлмас Мукаманов (68 келі), маңғыстаулық Қайрат Сарымсақов (74 келі) және аса ауыр салмақта қызылордалық Сергей Пак бар.

Ал қыздар арасында қызылордалық Ақниет Садықова (49 келі), алматылық Малика Жандауова (57 келі), оңтүстікқазақстандықтар Феруза Ергешова (62 келі) және Жадыра Өтеміс (67 келі), атыраулық Гүлнафис Айтмұханбетова (73 келі) сынды аруларымыз шеберліктерін ұштауда.

Аталған спортшыларымыз жазда жалауы желбірейтін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Бұларға Алматыда жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүрген Азамат Теңізбаев (80 келі) және Фариза Алданғарова (53 келі) қосылады. Екеуі де – алматылық спортшылар.

Бүгінде таэквондодан айрықша сенім артар қыз-жігіттеріміз – осылар. Бәрі де – халықаралық ареналарда ысылған, тәжірбиелі спортшылар. Аталған қыз-жігіттерімізден әлем чемпионатынан жүлдемен оралып, ел сенімін ақтауларына тілектеспіз.


 
0
274
0