«Dancers among us» Алматы стилінде

Алия 2013 M06 4
2378
1
8
0

Өткен сенбі күні Алматы қаласында «Билеп тұрған Алматы» фотокөрмесі ашылды. Қаланың көрікті де әсем жерлері мен мың бұрала билеген бишілерден құралған фото жобада заманауи Алматы мен би өнерін...

Өткен сенбі күні Алматы қаласында «Билеп тұрған Алматы» фотокөрмесі ашылды. Қаланың көрікті де әсем жерлері мен мың бұрала билеген бишілерден құралған фото жобада заманауи Алматы мен би өнерін көрсететін 33 фотосурет ұсынылды.



«Билеп тұрған Алматы» сынды жоба бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде өткізілген. Америкада ол «Біздің арамыздағы бишілер» деп аталса, Канадада «Балерин», Санкт-Петерборде «Билеп тұрған Санкт-Петербор» деп аталады.

Бұл жобаның мақсаты Алматы қаласының ескі, әрі әрбір алматылыққа ыстық көрікті орындарын әр түрлі бағытта билейтін бишілер арқылы «қала мен адам» дуэтін көрсету.





Евгения Старцева, жоба жетекшісі:
— Өткен жылы жазда достарымызбен ғаламтордан осы сынды жобаларды көріп, өзіміздің сүйікті қаламыз Алматы жайында да әдемі суреттер түсіргіміз келді. Сөйтіп «Билеп тұрған Алматы» көрмесін жасаймыз деп шештік. Содан бастап біртіндеп қала мен бишілерді түсіре бастадық. Осы жаздан бастап жобамызды өзге де бишілермен жалғастыруды жоспарлап отырмыз.








Влада Егорова, фотограф:
— Мен кезінде «NOT Ballet» арт-үйінің би мектебінде оқығанмын. Сол кезде фото өнеріне деген қызығушылығымды байқаған Евгения «Билеп тұрған Алматы» жобасын дүниеге алып келер кезде мені шақырды. Сөйтіп өткен жылдан бастап осы жоба барысында алғашқы суреттерімізді түсіре бастадық. Фото түсіру — менің әуестігім. Ол арқылы ақша табуды, бизнеске айналдыруды көздемеймін. Және алдағы уақытта да солай қала береді деп ойлаймын.









Ольга, көрермен:
— Көрмелерге жиі барамын деп айта алмаймын. Бірақ уақытым болса, барып тұруға тырысамын. Бүгінгі көрме өте ұнады. Бәрі сондай түрлі-түсті, әрбір сурет әдемі, көрген адамға қуаныш сыйлайды.





Евгений Плохих, көрермен:
— Негізі көрменің идеясы өте керемет. Өнерлі жандардың фото, би арқылы өнерді насихаттап, оған қызығушылығы төмен адамдардың қызғушылығын оятуға деген талпыныстары қуантады.



Мекен-жайы: «NOT Ballet» арт-үйі, Сейфуллин көшесі 597 (Абай көшесінен сәл жоғары)

Байланыс телефондары: 327-89-58, +7 705 201 49 82

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

фото автордікі

Оцените пост

8
Дальше