Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:52, 04 июня 2013

Мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық ойындар өтті

Blog post imageАстана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мектеп оқушылары арасында «Ақсұңқар» әскери-патриоттық ойынын өткізді. Шараға 200-ден астам 7-8 сыныпта оқитын мектеп оқушылары тартылды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларының ойынды ұйымдастырудағы басты мақсаттары жастарды  патриоттыққа тәрбиелеу, салауаттық өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ жеткіншектерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына дайындау болып табылады.

«Ақсұңқар» ойындары өзара жарыс сипатында өткізіледі. Оның бағдарламасына өзеннен, жыралар мен жарқабақтардан өту, пневматикалық винтовкадан нысаналар көздеу, жылдамдықпен судағы кедергілерден өту және қол гранаталарын лақтыру енгізілген.
Жарысқа қатысушы оқушылар далада дайындалған астан дәм татты. Ойын, өтетін аймақта олар сарбаздардың шатырын орналастырды. Мұнда медициналық пункт ұйымдастырылып, онда қалалық дәрігерлер  кезекшілік етті.
«Ақсұңқар» ойындарының қорытындысы бойынша № 52 мектеп-лицейінің оқушылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды № 51 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды № 63 мектеп-лицейі иемденді. Чемпиондар кубоктермен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен дипломдармен марапатталды.
Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының  орынбасары  Бахтияр Пернебеков оқушыларды жеңістерімен құттықтап әскери жетекшілердің үздік жұмысын атап өтті.
«Ақсұңқар» әскери-патриоттық ойындары Ұлы Отан соғысының 68 жылдығына, Қазақстан Қарулы Күштерінің 21 жылдығына және  Астана қаласының 15 жылдығына арналды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
1861
0