Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ҚХР-ға ресми сапары

МО РК 2013 M06 3
376
0
0
0

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Қытай Халық Республикасына үш күндік ресми сапары аяқталды. Бұл сапар...

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Қытай Халық Республикасына үш күндік ресми сапары аяқталды.
Бұл сапар Қазақстан мен Қытай министрліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қытай Халықтық- азат ету армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Фан Фэнхояның шақыруы бойынша жүзеге асырылды.
Сапар барысында генерал Жасұзақов ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Фань Чанлунмен, Синьцзян және Чендус әскери округтерінің қолбасшыларымен кездесті.
Сондай-ақ, сапар шеңберінде Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы Қытай Халықтық- азат ету армиясының Ұлттық қорғаныс академиясында болып, саяси комиссар генерал-полковник Лю Ячжоумен кездесті, аталған оқу орнының тыңдаушыларына дәріс оқыды.
Ресми сапар қорытындысы бойынша Қытай Халық-Азат ету Армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Фан Фэнхоянмен болған кездесуде екіжақты ынтымақтастық, ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери білім және сержанттар құрамын даярлау мәселелелері талқыланды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше