Әскери реалити-шоудың жеңімпазы алар жүлде — автомобиль

МО РК 2013 M06 3
237
0
0
0

Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша телевизиалық «Особое задание» реалити-шоуының үшінші маусымын түсіру басталады. Әскери істе өз күшін сынап көрмегендерге «Особое задание» реалити-шоуына...

Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша телевизиалық «Особое задание» реалити-шоуының үшінші маусымын түсіру басталады.

Әскери істе өз күшін сынап көрмегендерге «Особое задание» реалити-шоуына қатысуға кастинг жарияланады. Жобаға қатысуға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер шақырылады. Қарулы күштерде қызмет өткеру тәжірибесінің болуы міндетті емес.
«Особое заданиеге» қатысушылар өздерінің дене және психологиялық даярлығыңның деңгейін сынақтан өткізіп, батылдық пен жауынгерлік рухтың, өз күшіне деген сенімділіктің арқасында кез-келген сынақтан мүдірмей өте алатынын дәлелдейді.
Сені қазіргі заманғы қару-жарақ, жауынгерлік техника, арнайы даярлық күтіп тұр.
Сенің жауынгерлік жолыңа БҮКІЛ ЕЛ  көз тігеді! «Особое задание» әскери реалити-шоуының жеңімпазына берілетін бас жүлде автокөлік болады!
www.oz.galatv.kz сайтында сауалнаманы толтырсаңыз сіз кастингке шақырыласыз!  Алматыдағы телефон + 7 (727)  397 74 83
Өтінімдер 2013 жылғы 10 маусымға  дейін қабылданады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше