Әскери қызметшілердің балаларына арналған мереке

МО РК 2013 M06 3
297
0
0
0

1 маусым күні Балаларды қорғау күні құрметіне Семей қаласында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери қызметшілер жанұялары арасында «Әкем, шешем және мен біз спорттық отбасымыз!» атты жарыс...

1 маусым күні Балаларды қорғау күні құрметіне Семей қаласында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери қызметшілер жанұялары арасында «Әкем, шешем және мен біз спорттық отбасымыз!» атты жарыс өткізілді. Оған Семей гарнизонының әскери бөлімдерінен командалар қатысты. Команда құрамына үш адам енгізілді: әскери қызметші, жолдасы және 11-13 жасар балалары.

Эстафета он турдан тұрды. Командалар кедергілерден өтті, ұзындыққа секірді, футбол, «Дартц» ойындарына қатысып мергендік танытты. Жарыс өткізуді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери дайындық басқармасы және тәрбие мен спорт бөлімі жүзеге асырды.
Бірінші орынды Сахаритовтар отбасы: Қайрат, Айжан және Омарбек иеленді. Олардың командасы «Айбын» деп аталды. Отағасы инженерлік-саперлік бригадада қызмет етеді. Екінші орын «Арлан» командасының еншісінде. Бұл команданы артиллериялық бригаданың әскери қызметшісі Нұржан Отаршынов, жары Гүлнұр, баласы Алдияр таныстырды.
Үшінші орын «Барыс» командасына берілді. Бұл команданың капитаны Александр Андриянов Семей гарнизонының байланыс бригадасында қызмет етеді. Олардың бұл жетістікке жетуіне жары Елена мен баласы Сергейдің қосқан үлесі зор.
Балаларды қорғау күніне арналған мереке өзінің тартымдылығымен, қызықтығымен есте қалды. Жеңімпаздар сый-сыяпат алып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0