Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:05, 03 июня 2013

БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

Blog post image

БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ

 

2013 жылдың 1-5 маусым аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан Тұңғыш рет Астана қаласының кубогіне арналған «Жас үміт» жасөспірімдердің республикалық жарысы өткізіледі. Бұл  жарысты Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен, Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығымен бірлесе өткізеді.  Мақсаты – қазақ халқының зияткерлік ойыны тоғызқұмалақтың бұқаралық сипатын арттыру, ең үздік жасөспірім спортшыларды анықтау, зияткерлік бастамаларды дәріптеу.

Тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Агенттігі, Астана қаласы және облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады.

Тоғызқұмалақ соңғы жылдары халықаралық дәрежеде де жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Қазір тоғызқұмалақпен әлемнің 20-дан астам елдерінде шұғылданып,  Германия, Чехия, Швейцария, Франция, Ресей, Өзбекстан және Түркия мемлекеттерінде дәстүрлі жарыстар өткізіліп, жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. 2008 жылы Халықаралық Тоғызқұмалақ Қауымдастығы құрылып, соның арқасында әлемдік бәсекелер өткізу қолға алынды. 2009 жылы Шымкент қаласында І Азия чемпионаты өткізілсе, 2010 жылы Астана қаласында І Әлем чемпионаты ұйымдастырылды. 2011 жылы Еуропа чемпионаты тұңғыш рет Чехияның Пардубице қаласында болды. 2012 жылы ІІ Әлем чемпионаты Чехияның Пардубице қаласында өткізілді.

Тоғызқұмалақтың республика өңірлерінде және халықаралық деңгейде дамуына Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының  туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ерекше үлес қосып отыр. Көптеген маңызды іс-шаралардың елордамызда өтуі осыған айғақ. Тоғызқұмалақтан Дүниежүзілік Қазақтар құрылтайына арналған халықаралық жарыс (2006 ж.), тұңғыш Әлем чемпионаты (2010 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық жарыстар (2005, 2011 ж-ж.), Қазақстан Республикасының халық ойындары (2011 ж.) және тағы басқалар. Бұл жарыстардың барлығы тоғызқұмалақтың жоғары сатыға көтерілуінде маңызды орын иеленді.

Жарыс туралы толық ақпарат алу үшін Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығының вице-президенті Мақсат Шотаевқа  – 8701-426-76-42, электрондық адрес -  mshotay@mail.ru хабарласуына болады. Веб-сайт:www.9kumalak.com

Жарыстың ашылу салтанаты  маусым айының 1-де М.Өтемісұлы атындағы  «Оқушылар сарайының» ғимаратының 2 қабатында сағат 15.00 өтеді.

Ұйымдастыру алқасы


 
0
290
0