Қазақ футболшы Финляндия чемпионатында гол соқты

Kazsport agent 2013 M06 3
153
0
0
0

  Голландия және түрік төлқұжаты бар және Финляндия чемпионатында Юккёнен командасы AC Kajaani үшін ойнайтын этникалық қазақ Мұрат Оңал өз командасына жеңіс әкелді, деп хабарлайды sports.kz. «Бұл...

 

Голландия және түрік төлқұжаты бар және Финляндия чемпионатында Юккёнен командасы AC Kajaani үшін ойнайтын этникалық қазақ Мұрат Оңал өз командасына жеңіс әкелді, деп хабарлайды sports.kz.

«Бұл жақында ғана басталған фин чемпионатындағы Мұраттың алтыншы ойыны және бірінші голы. AC Kajaani Хельсинкиден келген FC Viikingit командасымен ойнады. Мұрат Оңал үзілістен кейін алаңға шығып, бірер минуттан соң-ақ допты қақапаға дәл кіргізді. Бұл гол оның командасына жеңіс әкелді. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Қазір AC Kajaani дивизионда 8-ші орында тұр», – делінген хабарламада.

 

Оцените пост

0