Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:49, 03 июня 2013

Жазғы жауынгерлік дайындыққа жаңа қарқынмен

Blog post imageБүгін Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа  жазғы оқу кезеңі басталды. Осыған орай, барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде жауынгерлік оқудың қарқынды және жауапты кезеңін білдіретін салтанатты сапқа тұру шаралары өтті.

«Мықты Армия – мықты Қазақстан!» ұраны 2013 жылғы жауынгерлік сайыстың ұраны болды. Елбасының «Қазақстан -2050 Стратегиясы» Жолдауында Қарулы Күштердің алдында тұрған басты міндет ретінде ұлттық қорғаныс қабілеті мен әскери доктринаны нығайту шеңберінде армияны жаңартудың қазіргі мемлекет дамуы кезеңіндегі стратегиялық маңызы зор екеніне ерекше көңіл аударды.
Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде армияны алдағы кәсібилендіру бойынша жұмыс атқарылып, әскери кадрларды дайындау сапасы мен талаптары арттырылды. Сондай-ақ, жауынгерлік дайындықтын деңгейі өсіп, қорғаныс өнеркәсібі  кешені мен заң шығарушылық әрекеттің шеңберінде көптеген жұмыс атқарылды.
- Әрқайсымыздан үлкен қажырлылық пен мақсатқа ұмтылыс, жауынгерлік дайындықтың  деңгейін жетілдіруге кәсібилік пен жеке орындаушылық тәртіп қажет,- деп Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов атап көрсетті.
Жаңа оқу кезеңі барысында әскери қызметшілер алдында жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру міндеті тұр. Жоспарланның жүзеге асырылуы көптеген әскери оқу-жаттығуларда іс жүзіне асырылады. Әскери ведомствоның басшылығы «Мықты Армия – мықты Қазақстан!» атты жыл жауынгерлік сайысының ұраны өз мазмұнын ақтап, әскерлердің оқу жылын сапалы көрсеткіштерімен аяқтайтынына сенім білдірді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
448
0