Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:29, 02 июня 2013

Физика олимпиадасына балаларды таңдау

Физика пәні жетінші сыныпта басталады. Балалар бірден алтыға дейін физика оқымайды, сондықтан жетінші сыныптың басында оларды физика олимпиадасына таңдауда математика мен логика сұрақтарын қолданамыз.

Математика және логика сұрақтарын кітаптардан табуға болады, бірақ мен сияқты жалқау адамдар гугл мырзаның көмегіне сүйенеді. Гуглда "логикалық сұрақтар", "логические вопросы", "logical questions" сияқты нәрселерді жазып іздеуге болады. Табылған сұрақтарды WORD-та реттеп 20, 40, 60 сұрақтық емтихан жасауға болады. Емтиханды тест қылып жасасаңыз тексеру оңай болады. Емтиханмен бірге жауап қағазын жасап алу дұрыс болады. Емтихан уақыт ұзындығы олимпиада уақыт ұзындығымен сәйкес болғаны абзал -- 3-4 сағат.

Емиханның алғашқы бөлімін математика (арифметика, теңдулер жүйесі, прогрессиялар, сөзді есептер және т.б.) сұрақтарын қолданып жасаңыз. Ал екінші бөлімін логика (сериялар, 3D ойлау және т.б.) сұрақтарын қолданып жасаңыз.

Wikipedia-да Равен матрицалары, IQ тесттер және сол сияқты нәрселер бар. Оларды да қолдануға болады.

Емтиханнан бұрын немесе кейін сауалнама жасау абзал болады. Сауалнамада баланың бұрын қатысқан олипиадалары мен конурстар, жарыс пен байқауларды, соларда алған орындарын сұрауға болады. Кенгуру, Ақбота сияқты жарыстардың математикалық бағытына қатысқандар және де алғашқы орындар алғандар -сізге керекті балалар болады. Сауалнамада баланың еңбек ету қабілетін сұрастыруға болады. Күніне қанша сағат кітап (сабақ) оқи алатынын, мектеп үй жұмысын қанша сағатта жасайтынын, каникулда олимпиадаға дайындала алады ма деген сұрақтар қоюға болады.

Емтихан мен сауалнама нәтижелерін EXCEL-ге еңгізіп реттеу керек. Сауалнама нәтижелерін, математика сұрақтарының нәтижесін, логика сұрақтарының нәтижесін бөлек қағаздарға шығарып әр қағаздағы алғашқы он баланың ішінен физика пәні бойынша олипиадаларға дайындалатын баланы таңдап аласыз.

 
0
269
0