Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:28, 31 мая 2013

Мырзағали Айтжанов: «Олимпиада чемпионы атанбай, Елеусіновті ешқайда жібермейміз»

Blog post image

 

— Олимпиада чемпионы болмай, ол ешқайда кетпейді. Жібермейміз. 69 келі өз салмағымыз болып кетті ғой. Рио Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілсін, сосын кәсіпқой боксқа ауысуына болады.Сондықтан, «Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысып кетіпті» деген қауесеттердің барлығы негізсіз.

Таяуда Қазақстан бокс федерациясының биылғы додасыныңжеребе тарту рәсімі өтіп, регламенті бекітілді. Осы  жаңалықты желеу етіп, негізінен ел боксында болып жатқан соңғы оқиғалар жайлы пікірін білмек ниетпен ұлттық құрамамыздыңбас бапкері Мырзағали Айтжановпен хабарласхан едік.

—  Федерация кубогы додасында биыл өзгерістер көп. Одан өздеріңіз де хабардарсыздар. Ширек финалды топтық турнир ретінде бір қаладаөткізуді жөн көрдік. Әуесқой боксқа жақындатқанымыз ғой. Боксшыларүш күнде үш кездесу өткізетін болады.

—   Ширек финал мен жартылай финал арасындағы уақыт алшақтығы тым көп емес пе?

—  Жоқ, бұл аралықта ұлттық құрама боксшылары әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік алулары тиіс.

—      Федерация кубогы өз миссиясын қаншалықты атқара алып жатыр деп ойлайсыз?

—      Біле білсеңіз, бұл өзі керемет жоба болды. Әр аймақ осы додағақатысуға мүдделі. Боксшылар арасында бәсекелестік күшейді. Нәтижесінде дарындар да көптеп шыға бастады. Әр аймақ осы турнирде жеңімпаз атануға ұмтылады. Өйткені, өздерінің жұмыстарын көрсетіп, «бізде де мықтылар бар» деген сияқты атаққа таласады. Кубок иегері атану зор мәртебе!

—   Азия чемпионаты мен Универсиада ойындары жақындапқалды. Осы додаларға қатысатын боксшыларды анықтапқойдыңыз ба?

—  70-80 пайызға анық. «Сары құрлық» додасына ұлттық құраманыңбірінші нөмірлі боксшылары, Универсиадаға екінші нөмірлі жігіттер аттанады. Маусым айының 14-інде Астанада жиналамыз. Сол кезде осы мәселені толыққанды шешеміз. Кейбір салмақтарда өзгерістер болуы мүмкін.

Blog post image

—   Жалпы, отандық боксшылардың бүгінді ахуалдары қалай?

—   Жыл басынан бері бас командамыздың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі боксшыларының әрқайсысы үш турнирден қатысты. Кейбіреуі пісіп тұр. Кейбіреуіне әлі де ысыла түсу керек. Жақында Хабаровскідегі халықаралық додада өнер көрсетіп, 7 алтын, бір қола еншілеп қайттық. Рас, Ресей мен Украина үздіктерін қоспаса да, Филиппин, Корея, Қытай сынды елдер мықтыларын әкелген болатын. Жеті алтынның ішінде өзіме 60 келідегі Берік Әбдірахманов, 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов және алып Иван Дычконың өнер көрсетуі ұнады.

—      Айтпақшы, жақында ұлттық құрамамыздың капитаны Данияр Елеусінов Германияға кетіпті деп естіп едік…

—   Иә, барып келді. Денсаулығын тексертті. Ем-дом қабылдап қайтты ғой.Қазір шүкір, жарақатынан айықты. Алаңдайтындай еш дәнеңе жоқ. Жаттығуға қайта кірісті.

—   Демек, Даниярдың кәсіпқой боксқа ауысатындығы туралықауесет өтірік болды ғой?

—  Мынаны айтайын. Олимпиада чемпионы болмай, ол ешқайда кетпейді. Жібермейміз. 69 келі өз салмағымыз болып кетті ғой. Рио Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілсін, сосын кәсіпқой боксқа ауысуына болады. Алдымен осы мақсатына жетіп алуы тиіс. Сондықтан, «Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысып кетіпті» деген қауесеттердің барлығы негізсіз. Өзі де алдымен Олимпиада чемпионы болуды армандайды.

 
0
459
0