Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:50, 31 мая 2013

Әскери оқу орындарында мемлекеттік емтихандар басталды

Алматыда, Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқуды бітіру емтихандары басталды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов бастаған мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысқа кірісті.
Биыл Құрлық әскерлері әскери институтын бітірушілерон үш мамандық бойынша емтихан тапсыратын болады. Әскери оқу орнын бітіргендігі туралы диплом институттың 400 түлегіне берілмек. Олардың арасында Қырғызстан Республикасынан он сегіз, Тәжікстан Республикасынан он өкіл диплом алу құрметіне ие болмақ. Аталған республикалардың қазақстанда білім алуы жөніндегі келісім ҰҚШҰ шеңберіндегі қарым-қатынас пен әскери ынтымақтастықтың нәтижесінде қол жеткізілді.
Биылғы емтихан тапсырушы курсанттардың 25-і үздік бағамен бітіреді  деп күтілуде. Олардың ішінде ерекше дайындығымен көзге түскендер қызыл дипломен бірге «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төс белгісіне ие болады және Құрмет тақтасына аты жазылады.
Мемлекеттік емтихандар тапсыру қарсаңында Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Николай Қуатов пен мемлекеттік аттестация комиссиясының мүшелері биыл оқу бітіретін курстың курсанттарымен саптық байқау өткізді. Емтихандар бір ай бойы жүргізіледі, ағымдағы жылғы 29 маусымда курсанттардың оқу бітіруіне арналған салтанатты рәсім өткізіледі.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
 
0
361
0