Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:32, 30 мая 2013

Электрондық журналистика- болашақтың жаршысы!

Мен ХАТУ -нің "электрондық журналистика" бөлімінің 2-курсын бітіргелі отырмын. Қазіргі уақытта өзімнің мамандығым бойынша 2 жылда алған білімім өте жоғары десем қателеспеспін. Маған оқу ордамдағы бұл мамандық ең керемет мамандық болып саналады. Себебі электрондық журналистика- болашақтың жаршысы! Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 2010-шы  жылы алғаш рет«электрондық журналистика»   атты жаңа бөлім ашылған.Оқу ордамызда аталмыш мамандық бойынша еліміздің танымал журналистері, оның ішіне Артур Платонов, Шолпан Елеусізова, Майраш Тайкенова, Бауыржан Жақып,  Шынар Қалиаждарова және т.б дәрістер  береді. Бұл мамандыққа түсу үшін ҰБТ-дағы бесінші таңдау пәні маңызды емес. Қазақ (орыс)  тілі, қазақстан тарихы пәндерінің бағалары қаралады. Ал шілде айының басында шығармашылық емтихан тапсыру қажет болады.  Емтихан 2 бөлімнен тұрады.
1. Шығарма жазу
2. Өз-өзіңді таныстыру. 
Бұл мамандыққа университеттік жеңілдіктер беріледі. Жоғары ұпай жинағандарға 100 пайыздық,  50 пайыздық  және тағы басқа да жеңілдіктерін қанжығаларына байлауға мүмкіндік алады. Аталмыш мамандыққа түсуге асығыңыздар!!! Құжаттарды қабылдау 1 маусымнан басталады! Электрондық журналистика – болашақтың журналистикасы!

0
2091
0