Тікелей эфир

Тұрар Рысқұлов публицистикасы

 

Журналист әрі Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші Мейрамхан Жәпек осыдан үш жыл бұрын Мәскеудегі Ресей Федерациясының Мемлекеттік Мұрағатынан көптеген құнды деректер тауып, ғылыми жұмысына қатысты материалдарымен бізбен бөлісті.

Аталы жұртымыздың ардақты ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов он жылдан астам уақыт Мәскеуде тұрып қызмет атқарды. Сондықтан да болар мұрағаттарда Тұрарға байланысты қаншама құжат сақталыпты. Мен негізінен оның публицистік мұрасын зерттедім. Яғни әуелі сонау замандарда баспасөз беттерінде жариялаған мақалаларын тауып  алып, хронологиялық тізбесін жасадым. Десек те, әлі ешбір зерттеушінің қолы тимеген құжаттарды көргенімде еріксіз таң қалдым. Мәселен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында шығып тұрған «Поволжская правда», «Коммунальное дело» т.б. басылымдардағы материалдары зерттеушілер назарынан тыс қалып қойған.

Мәскеу мұрағатынан табылған деректер

1920-1925 жылдар аралығындағы құжаттардың көпшілігін тарихшы Д.Аманжолова мен В.Рысқұлов жинап, кітапқа енгізгендіктен әлеуметтік-саяси тарих мұрағатында жұмыс тез жүрді. Дегенмен, шаң басқан құжаттардың арасында Ғани Мұратбаевқа, Шыңғыс Айтматовтың әкесі Төреқұлға, Ораз Жандосовқа, Қалдыбай Абдуллинге және т.б. қатысты құжаттар жиі кездесті.

Ғани Мұратбаев Ташкентте Орталық Азия жастары одағының жетекшісі ретінде Мәскеу съезіне делегат болып келіпті. Онда сөйлеген сөзінің стенограммасы, Ташкентте тұрған үйінің номері, еңбекақы көлемі, жанұясы мүшелері, туған туыстары, туралы мәліметтер көзіме оттай басылды.

Түркістан Республикасы тұсында 1924 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігі, Қырғызстан, Өзбекстанның әкімшілік орталығы Ташкент шаһары болғаны шындық. Түркістан Республикасының Жалалабад округінің басшысы Төреқұл Айтматов кейін қызметі өсіп, Қарақол облысына (қазіргі Қырғыз Республикасының Ыстық көл облысы М.Ж.) ауыстырылады. Т.Айтматовқа қатысты тың материалдар, оның Түркістан Республикасының атқару комитетінің алқалы жиналысында сөйлеген сөздерінің хаттамасы, жеке басына қатысты партиялық парақшасы сақталыпты.

Еліміз тарихында айшықты іс атқарған Ораз Жандосовқа қатысты татымды дүниелер жарық көрді. Дегенмен, мұрағат құжаттарының кейбірі зерттеушілердің қаперіне ілінбей қалғаны да өкінішті.

Қалдыбай Абдуллин туралы ұстазым Темірбек Қожакеев өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғылыми зерттеулер жүргізген. Журналист Нұрлан Қалқаның да маңызды мақалалары бар. Қ.Абдуллин «Жетісу хабаршысы» басылымына «Қасқарау» (Қасқарау - Ұлы жүздегі ру аты. М.Ж.) деген бүркеншік атпен өткір мақалалар жариялап тұрған жалынды журналист. Кеңес қызметінде жүргенде оны ақгвардияшылдар айуандықпен азаптап өлтірген-тін. Қ.Абдуллиннің Түркістан атқару комитетінің мәжілістеріне Жетісу өлкесінен келген делегат қана емес, тілші ретінде де қатысса керек. Себебі, съезд күн тәртібінде алқалы мәжіліс барысы баспасөзде жарық көретіні, оған жауапты адамдардың қатарында Қ.Абдуллиннің аты бірінші болып жазылыпты. Бұл мәлімет Қ.Абдуллин туралы зерттеулерге жаңалық болатынына сенімдімін.

Ал, Тұрар Рысқұловқа қатысты мынадай тың материал табылды. Ол Түркістан орталық атқару комитетінің алқалы жиналысында Түрккомиссия жұмысына көңілі толмай, қызу пікір білдірсе керек: «...олардың қатарында жергілікті ұлттың өкілдері жоқ, оларсыз аталмыш ұйым жұмысын қалайша жүргізбек, орыста «өзгенің шіркеуіне өз ұстанымыңмен кіре алмайсың» деген сөз бар, бұл жердің саяси әлеуметтік ахуалын білмеген адам, менталитетін сезінбеген адам елге қандай ақыл айтпақ!» деген жолдарды оқып отырып, иә, мұндай жалынды сөздерді сол замандарда екінің бірі айта алмайтын еді деген ойға келдім. Тұрар ақын Есенғали Раушановтың өлеңіндегідей «қаңғып келген шөрегей көлге пана бола алмайтынын» ескерткен болса керек сонда. Соңыра, Түрккомиссия Мәскеуге Түркістан атқару комитетінің алқалы жиналысындағы мінез әрекеттеріне байланысты Т.Рысқұловты партиядан шығару, барлық мандаттарын қайтарып алу керектігі туралы В.Лениннің атына жеделхат жіберіпті.

В.Ленин шығыс халықтарынан шыққан қайраткерлер қатарында Тұрар Рысқұловты оның белсенділігін, қайсарлығын мойындаған. Себебі, Лениннің ұлттар саясаты туралы концепциясын сынап, әркез ондағы баптардың дұрыс орындалуын жіті қадағалап отырған Тұрар. Алайда, Т.Рысқұлов ұсынған түркі республикасын құру туралы идеясы Ленинді шошытқаны шындық. Сондықтан ол Тұрар бастамасын қолдаған жоқ. Ал, Тұрар 1924 жылы В.Ленин қайтыс болғанда «Екі дүниені біріктіріп тұрған ту - Ленин» деген мақала жазғаны рас. Ол «Қызыл Қазақстан» журналында басылған.

Әуелде әріптес тарихшының «ГАРФ-та Т.Рысқұловқа қатысты татымды ештеңе таппайсың-ау» деген сөзіне журналист ретінде күмәндана қарап едім. Екі күндей табанымнан таусылып, шындығында ештеңе таба алмай қиналдым. Қармағыма ілінген ұсақ-түйекке көңілім құлазыды. Менің «қайтпас қажырлылығымды» сезген Нина Абдуллаева (Оқырмандар залының меңгерушісі М.Ж.) «тоғызыншы подъездегі дәстүрлі каталогтар залына барып, жұмыс жасап көріңіз» деген соң соған қарай жүрдім. Айтпақшы, ГАРФ-ты өз алдына үлкен шаһар демеске лажың жоқ. Он үштен астам подъезд тік төрт бұрыш формасында шеңбер жасап тұр. Мұрағатта байырғы қызметкерлер көп екен. Олар жұмысына тиянақты, жасампаз адамдар болып шықты. Менің «ит арқасы қияннан» келгенімді білген соң, көп көмектесті. «Сонымен-, деді, Александра Николаевна «мына екі жәшіктегі картотекаларды бір бірден қараңыз да орнына шатастырмай, рет ретімен қайта қойыңыз. Мен тағы да басқа жәшіктерді қарастырып келейін» деп кабинетіне жалғыз қалдырып кетті. Жәшік сыртында «Именной каталог» Росс-Турк деген жазу бар. Рыскулов Турар деген картотекаға барып бір-ақ тоқтадым. Өз көзіме өзім сенер емеспін. Рысқұлов Тұрар. Дәл өзі, қайта оқыдым. Қуанғанымнан алдымен карточкаларды санап шықтым. Жиырма екі. Екі күн сенделген күй кешіп едім, мынау ойламаған олжа болды ғой. Осының алдында ғана Александра Николаевна «Т.Рысқұлов қандай қызметтер атқарып еді, кілт сөздерді есіме салыңызшы, бізде мәлімет бола қояр ма екен?» деп еді. Мынау мен ойлағаннан да көп дүние. Дереу дәптеріме құжаттардың атауын тіркей бердім, тізе бердім. Карточкалардың пошымына қарасам ешкімнің қолы тимепті әлі.

Соңғы құжаттан басқаларына қарап отырсақ, Кеңестер Одағында Т.Рысқұлов ат салыспаған сала қалмаған екен. Және Т.Рысқұлов көптеген комиссиялардың мүшесі болып қана қоймай тікелей аралысып, өз ұсыныстарын енгізіп отырған.

Тұрар мен Нығмет

Теңдессіз құжаттардың ішіндегі мына жиырма екіншіні ашып оқи бастадым. 1937 жылдың 1-тамызында Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Президиумы жиналысының №82 хаттамасы

Төрағасы - Калинин М.И

Қатысқандар: БОАК мүшелері, Кисилев А.

Крыленко Н.В, Новиков Н.Ф.

ұйымдардан: РСФСР прокуратурасынан - Куприянов И.

РСФСР Жоғарғы Сотынан - Микин А.

«Правда» баспасынан – Ревин А.И.

Мемлекеттік сауда Одағынан - Березин Л.Н.

Мәскеу Кеңесінен - Никулин Т.П.

Қырым АССРі ХАғКомиссариатынан -  Ганжинский Л.В.

Адыгей облыстық атқару комитетінен - Минаш М.И

ТАСС-тан - О.В.Мамаевалар қатысқан жиналыста жиырмаға жуық мәселе күн тәртібінде қаралады. Осынау басқосудың тоғызыншы және оныншы пункттері тұсында СЕКРЕТНО деген жазу тұр. Құжатты толық қарап болғанымда соңғы бетте екі қосымша парақша шықты. №82 хаттаманың көшірмесі.

Үңілсем: 9.10. БОАК ХVІ шақырылымы мүшелігі құрамынан контрреволюциялық ұйымдарға қатысқандығы үшін Камбалин Н.В., Кисилев А.К., Гарьковой И.И., Нұрмақов Н.Н., Шотман А.В., Рысқұлов Т.Р., Сулимов Д.Е., Кодацкий И.Ф., Кутузов И.И., Паукер К.В., Прокофьев Г.Е. шығарылсын.

Расталды. 2.11.1937 ж. БОАК Хатшысы А.Кисилев (қолы)

Осы соңғы құжатта Нұрмақов пен Рысқұловтың есімдері қатар аталыпты.

Ресми құжаттар бойынша Т.Рысқұлов 1937 жылдың 21 мамырында тұтқындалғанда оның отбасы мүшелері Ресей мен Қазақстанның азап лагерлеріне жабылады. Он ай бойы құр сүлдесі қалғанша түрмеде жатқан Тұрар 1938 жылдың оныншы ақпанында ату жазасына кесіледі. Жаппай қуғын сүргін заманда Тұрар мен Нығметтің істі болмай, аман қалуы екіталай-тын...

Негізінен, қазақтың осы екі азаматының есімі басқаларға қарағанда Мәскеудегі мұрағат құжаттарында жиі қатар кездеседі. Олардың қызметте ғана емес өмірде де жолдас болғаны туралы жазушы, публицист Жайық Кәгенұлы Бектұров өзінің «Енеден егіз туған төл секілді» атты естеліктер кітабынан Смағұл Садуақасов қайтыс болғанда қайын атасы Әлиханды екі қолтығынан демеп көтеріп, сыртқа алып шыққан Тұрар мен Нығмет еді деген жолдарды оқимыз. Одан бөлек Н.Нұрмақов пен қатар Т.Рысқұловтың мақалалары «Новый Восток» журналында үнемі жарияланып тұруы да кездейсоқтық емес сияқты.

Рысқұлов кеңестік газет беттерінде

Шығыс киносын дамыту бағытында да Т.Рысқұлов «Шығыс кино» бірлестігін ашу, қызметін қалыптастыру, дамыту туралы қаншама құжатқа қол қойып, басқосуларда төраға ретінде, өрелі сөзін айтқан. Тұрар Рысқұлов 1928 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Күншығыс елдерінде кино(жанды сурет)ның міндеті» деген мақала жариялайды. Онда ол киноның қазақша баламасын қөрсетеді, яғни жанды сурет. Өкінішке қарай, қазіргі таңда терминком «жанды суретке» мән беріп отырған жоқ. Ал еліміздегі үлкен экранды кинотеатрлардың біразы ойынханаға айналып кетті емес пе?!

Т.Рысқұлов  Кеңестер Одағының Коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы қызметі Бас басқармасының бастығы болып та тағайындалған. Қазіргідей емес, коммуналдық және тұрғын үй қызметі саласы ол уақыттарда маңызды сектор болғаны шындық. Тіпті, мемлекет тарапынан «Коммунальное хозяйство», «Коммунальное дело», «Коммунальный вестник» және т.б. басылымдар тұрақты шығып тұрған. Ішіне батпан тарихты бүгіп жатқан сол жылдары, нақтырақ айтқанда 1931 жылы шыққан «Коммунальное дело» журналын парақтап отырып та Т.Рысқұлов қолтаңбасын таптым. Басылымда жарық көрген мақалалардың дені Т.Рысқұловтың бұл салада да өндіртіп іс атқарғанын дәлелдейді. Тұрар коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы - ел экономикасының басты секторы екенін айтып қана қоймайды, нақты іс шаралардың жүзеге асуын қадағалаған. Аталған басылымдардағы кейбір мақалаларда ол «Т.Р.» деп аты жөнін бас әріптермен көрсеткен. Мақаланың берілу формасы, композициясы, тілі, стилі сияқты элементтерін салыстыра келе Т.Рысқұловқа тән деген тоқтамға келдім. Осы мәселеге байланысты тарихшы Д.Аманжоловамен ақылдасып едім, ол кісі де «Т.Рысқұлов болуы әбден мүмкін» деп бірнеше дәлелдерді алға тартты.

РСФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов 1929 жылы үкіметтік делегация құрамында Еділ өзенінің төменгі сағасындағы өлкелерді аралап, Саратов қаласына тоқтайды. Өлкелік «Поволжская правда» газетінде 1929 жылы Т.Рысқұловтың көптеген мақалалары жарық көріпті. Тіпті, 1929 жылдың 24 қарашасында басылым журналисі Т.Рысқұловпен сұхбаттасады. Сұхбат мәтіні де газетте үлкен қаріптермен «Хозяйственно-культурное строительство Нижней Волги» деген атпен жарияланған. Басылым бұл сапарға ерекше ықылас танытқанын газеттің алғашқы бағанындағы «Беседа с заместителем председателя СНК РСФСР тов. Рыскуловым» деген лидтен де тануға болады. Дегенмен, Т.Рысқұловтың жолсапар мақалалары түсініксіз себептермен елімізде 1984 жылы шыққан 1-томдығында, 1997 шыққан үш томдығында да кездеспейді. Ал, «Поволжская правда» басылымындағы сұхбат ешбір жинаққа енбей қалған.

«Поволжская правда» басылымында жарық көрген Т.Рысқұловтың осынау мақаласының «В национальных районах края» деген бөлігіне мән берейікші: Калмыкия за это время выросло необычайно: особенно за время вхождения в край. Мы там слышали в Калмыцких областных организациях что Калмыкия во многм выиграла от того, что вошла в край. Столица Элиста строится быстро, но Калмыцкие организации слишком увлеклись строительством столицы за счет забот о поднятии общего культурного и хозяйственного уровня  области. Основное внимание необходимо направить на обслуживание социально-культурных и хозяйственных нужд населения.

Отсталое и разбросанное кочевое калмыцкое население необходимо охватить большим культурным обслуживанием, но до сих пор этим вопросом в Калмобласти как следует еще не занимаются. Необходимо в области скотоводства мероприятия усилить.

Самое ценное в Калмыкии - это разведение тонкорунного овцеводства. Там имеется до 200 тыс. овец это очень ценный капитал. Это дело нужно развить. Также и в отношении мясного скота. Вокруг этих вопросов необходимо направить все остальные меры. Эти отрасли интересуют и весь союз, всю промышленность. Сюда необходимо притянуть и средства потребителей. Нужно поднять удельный вес обобщественного сектора.

В отношении землеустройства и мелиорации также необходимо сосредоточить работу в определенном направлении, а не распыляться по всей степи.

Нужно уладить вопрос о языке. Дело в том что в Калмыкии до сих пор государственный язык - русский. Все органы и школы работают на русском языке. Это противоречит той установке, которая дана партией о национальной политике. Калмыцкие интеллигенты, воспитанные на старых началах, решили, что можно вести работу на русском языке. Это неверно. Аппарат работает на русском, а масса непонимает его. Калмыки должны были провести у себя коренизацию, перевести все делопроизводство на родной язык.

Тұрар неліктен қалмақ ұлты туралы шырылдап, соншалықты жанашырлықпен айтты? Олар да түптің түбінде қазақ сияқты қабырғалы халық-тын. Өз мәдениеті, өз болмысы, менталитеті бар еді. Т.Рысқұлов кеңестік отарлау саясатының салдарынан қалмақтардың ұлттығын жоғалтып алу қаупі тұрғанын дөп басады. Дегенмен, бұл тек қалмақ ұлтына ғана емес қазақтарға да қатысты мәселе еді. Сондықтан да Т.Рысқұловтың өзге ұлттардың тағдырына алаңдай отырып, соның аясында қазақтың да жағдайын күйттегенін ұғыну қиын емес.

Тұрар Рысқұлов РСФСР ХКК төрағасының орынбасары қызметін атқарып тұрған шақта қаншама комитетті басқарып, алқалы жиналыстардың президиумында отырған, сансыз көп комиссия жұмысына мүше болып сайланған. Кезінде алаш арысы, Тұрардың замандасы, үлкен қайраткер Мұстафа Шоқайдың оны «Сталиннің фавориті» деп көрсетуінде мән бар екенін ұқтым. Себебі, Тұрарды қандай жауапты қызметке жұмсаса да ол өзінің іскер басшы, шебер ұйымдастырушы екендігін танытқан.

Михаил Павлович

Қазақстандық кітапханалар мен мұрағаттарда толық жиынтығы кездесе бермейтін басылымның бірі «Новый Восток» журналы. Журналдың бас редакторы ірі ғалым, түркітанушы М.Павлович (Вельтман) туралы қазақтың зиялылары сол замандарда-ақ, көптеген жағымды пікір айтқан. Журнал бетінде жарық көрген мақалалардан бөлек, мұрағат құжаттарында Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, Ж.Досмұхамедовтың, Н.Төреқұловтың және т.б. М.Павловичке жолдаған хаттары сақталған. Тіпті, М.Павлович қайтыс болғанда оның табытының бас жағын Н.Төреқұлов көтерген. Неліктен Павлович шығыс халықтарына, оның ішінде қазақтарға жақын болды? деген сауалға келер болсақ, аса білімді азамат саналы ғұмырында патша тұсында көп қыспақ көреді. Жапон аралдары, Қытай, Франция сияқты елдерде жан сауғалайды. Шығыс Түркістанда қазақтар арасында тұрып, олардың керемет бай мәдениеті, салт дәстүрімен қоса ауыр тұрмысын да көзбен көреді. Қазақтардың туғаннан ғылым-білімге зеректігі оны таң қалдырса керек. «Шығыс халықтарының мәдениетін Европаны жайлап жатқан елдердің мәдениетіне айырбастамас едім. Мәдениеттің ошағы - шығыс» деген сөздер құрдасы В.Ленинге тіпті ұнамайды.

Негізінен, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен 1921 жылы 13 желтоқсанда Мәскеуде Кеңестер Одағының Шығыстану Ғылыми Ассоциациясы өз жұмысын бастайды. «Новый Восток» журналы осы ғылыми ассоциацияның органы ретінде 1922 жылдан бастап шығады. Журнал шығыс халықтары туралы танымдық материалдарды жариялаған. Журналдың бір саны 384-735 беттен тұрған. Шығысқа сапар шеккен қаншама этнограф, тарихшы, музыка зерттеушісі басылым беттерінде тек қана таңданыспен зор ілтипатпен естеліктер жазған.

Бұл журналдан Т.Рысқұловтың көптеген мақалаларын кездестірдім. Тегінде Т.Рысқұлов М.Павловичпен 1920 жылы Бакуде өткен шығыс халықтарының бірінші съезінде танысса керек. Коминтерн ұйымдастырған бұл бірінші съезд қорытындысы ретінде «Шығыстағы насихат және іс-қимыл Кеңесі» құрылады. Тұрар да, М.Павлович те осы Кеңестің құрамына енеді. Кейінірек Тұрар М.Павловичпен Мәскеуге қызмет ауыстырып келгенде де қарым-қатынасын үзбеген. Тұрар М.Павлович қайтыс болғанда «М.Павлович және шығыс халықтары» деген мақала жариялайды. Бұл әуелде қазанама ретінде басылым бетінде жарық көреді. Негізінен, біздер қазіргі таңда Тұрар Рысқұловты тек қана мемлекет қайраткері, тарихшы, публицист деп қана емес, оның түркітану саласына қосқан еңбектерін де назардан тыс қалдырмау керек сияқтымыз. «Новый восток» журналында жарық көрген мақалалары соның айқын дәлелі.

Аққағаз Досжанова

Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдары Ташкент Түрік Республикасының алтын бесігі болғаны айқын. Республика басшылығына  қазақтың біртуар азаматтарының келуі елдің өркендеп өсуіне кең көкжиек ашты. Қырғыз АССРінен Түркістанға Жүсіпбек, Мағжан, Сәкен, Мұхтар, Әлімхан және т.б келіп, Тұрар, Нәзір, Сұлтанбек сынды білгір, білімді, басшы азаматтардың жанынан табылды. Олардың көздегені ұлтымыздың еркіндігі, бірлігі, бүтіндігі болғаны айдан-анық.

Алашорданың оңтүстік филиалында Сұлтанбек Қожанов, Мұстафа Шоқай, Хайретдин Болғанбаев, Аққағаз Досжанова және т.б бар-тын. Өз алдына «Бірлік туы» деген басылымы болды. 1918 жылы Алаш үкіметі ыдырағанда оның оңтүстіктегі филиалына да оңай тимеді. Қудалау, абақтыға жабу сияқты шаралар жүргізілді. Оның барлығы қазір тарихқа айналды. Тарих қойнауынан аршып алған Алашорданы Кеңестерге, бүтіндей жүйеге қарсы қою, ондағы қайраткерлердің рухын алалап, кейбірін төмендету, қайсыбірін аспанға көтеру науқаны енді ғана саябырсығандай. Осынау маңызды мәселеге мұқият қарап, терең зерттеген жөн.

Мұрағатта бір кездері "құпия" болған құжаттарға, қазір жаңаша көзқараспен қараған жөн. Өзбек республикасының Ташкенттегі мемлекеттік орталық мұрағатында әлі де көпшілікке беймәлім, көтерер жүгі қомақты тың дүниелер жетерлік деп жоғарыда айтып өттік. Т.Рысқұловтың Түрік Республикасындағы қоғамдық қызметін зерттей отыра қызықты құжатқа тап болдым. Ол 1922 жылы 14 желтоқсанда қабылданған қаулы. Қазақ қыздарының арасында тұңғыш дәрігер дипломын алған Аққағаз Досжанова туралы. «Айқап» 1913 жылы №16 санында: Орынбор гимназиясын бітірген Аққағаз Досжанқызының Москвадағы жоғары оқу орнына түсуі туралы хабар жариялаған. Дегенмен, 1922 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетін тәмамдайды. Аққағазды ортаға алып Тәшкендегі қазақтың оқығандары суретке де түседі. 1922 жылы Тұрар Рысқұлов Түрік Республикасы комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. Сол тараптан №238 қаулы шығарып, қолын қояды. Қаулының мазмұны не дейді?

П О С Т А Н О В Л Е Н И Е

СОВЕТА НАРОДНЫХ КОМИССАРОВ ТУРКРЕСПУБЛИКИ

«14» декабря 1922 года №238

Текущей осенью окончила медицинский факультет Туркестанского Государственного Университета тов. ДОСЖАНОВА Аккагас, первая женщина-киргизска получившая высшее специальное образование в Советской Республике.

В истории киргизского народа это второй случай получения женщиной высшего врачебного образования. Приветствуя в лице тов. ДОСЖАНОВОЙ врача из среди женщин коренного населения Совет Народных Комиссаров Туркреспублики, в развитие условий, благоприятствующих и в будущем делу получения высшего образования женщинами-туземками

п о с т а н о в и л:

1. Учредить при Туркестанском Государственном Университете из средств Совнаркома стипендию имени ДОСЖАНОВОЙ, предназначив таковую для выдачи студенткам туземкам, уроженкам Туркестана.

2. Выдать – тов. ДОСЖАНОВОЙ из средств Совнаркома премию в сумме 100.000 руб. дензнаками 1922 года и принять на счет Совнаркома оборудование врачебного кабинета по ее специальности.

Председатель Совета Народных

Комиссаров Туркреспублики  (қолы) Т. Рыскулов

Зам. Управляющего Делами (қолы) Л. Маевский

Секретарь (қолы)

Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуші, қазақ сатирасының сардары, ұстаз Темірбек Қожакеевтің айтуынша 1922 жылы 100 сомға жақсы жылқы сатып алуға болады екен. Рысқұловтың А.Досжановаға 100.000 сом бөлгізуі жомарттық па, әлде қызмет бабын пайдалану ма? Қалай десек те, сол кезде екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс еді. Оның үстіне Тұрар ұлт мүддесін ойламай, өз жеке басының ғана қамын ойласа, қомақты қаржыны бір қызға бөлгізер ме еді деген сауалдар туындайтыны белгілі. Тарих көшіндегі екі идея адамдарының басы  ешқашан бір қазанға сыйған емес. Десек те, ұлт мүддесін алдыңғы қатарға қойып, ұлт келешегі үшін қайырымды іс жасау жасампаздық емей немене?!

***

Тұрар Рысқұловтың басқа публицистерге қарағанда, бүркеншік есімге соншалықты әуес болмаған. Ашық айтып, ойын еш бүкпесіз жеткізген. Өмірінің соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдарын өзіне серік қылды. Елімізде шыққан «Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Тілші», «Советская степь» т.б. басылымдарда Т.Рысқұлов Мәскеуде қандай қызметте болса да материалдары жарияланып тұрған.

Жары Әзиза Рысқұловамен. Мәскеу, 1931 ж.

Мейрамхан Жәпек


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Ұқсас материалдар: 31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

 

Алия Arsik
31 мамыр 2013, 11:28
12363

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Рахмет! Мұрағаттарда бұдан да көп материалдар сақталған. Соларды жинап,зерттеуді Алла тағала нәсіп етсін, қазақ баласына!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 6592
  • 5
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3924
  • 58
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3116
  • 12
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2946
  • 2
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2017
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1951
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1987
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1922
  • 51