Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:29, 30 мая 2013

«Сарыарқа» велотрегінде «Жұлдыз кубогі» халықаралық турнирі өтеді

Blog post image

 

31 мамырда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Астана әкімінің жүлдесіне көркем гимнастикадан «Жұлдыз кубогі»-2013 II халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Халықаралық турнир биылғы жылы Ресей, Әзірбайжан, Беларус, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль, Грузия, Сингапурдан қонақтар мен Қазақстанның 12 қаласынан өкілдерді қабылдайды. Турнирге барлығы 285 адам қатысады. Жасөспірімдер арасындағы жеке бағдарламада 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған 1998-2006 жылдары туған қыздар қатысады», — делінген ақпаратта.

Жарыс 31 мамыр және 1 маусым аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 31 мамырда сағат 19:00-де өтсе, ресми жабылу салтанаты 1 маусымда сағат 18.30-да ұйымдастырылады.

Турнир Астана әкімдігінің қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізіледі.


 
0
306
0