место в рейтинге
  • 782500
  • 45
  • 8
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жүлде қоры – 22 миллион евро

 

Бұл күндері Францияның астанасы Париж қаласында «Үлкен дулыға» санатына жататын турнирлердің бірі – «Ролан Гаррос» өтіп жатыр. Бұл дода әдеттегідей төрткүл дүниеніңтеңдессіз теннисшілерінің басын қосты.

Солардың арасында Қазақстанның да өкілдері бар. Биыл жарыстыңжүлделік қоры 22 миллион евроны құрап отыр. Яғни осы турнирде сәттіөнер көрсету арқылы тек бедел жиып қана қоймай, материалдықтұрғыдан да мол олжаға кенелуге болады. Аталмыш турнирдің тұсауы сонау 1891 жылы кесілген болатын. Алғашқы кездері ол тек Францияныңішкі біріншілігі ретінде ұйымдастырылып, ол Париж корттарында жергілікті теннисшілер ғана күш сынасатын. Және де ол бас-аяғы бір күннің ішінде мәреге жететін. Десек те, жарыстың беделін арттыруды мақсат тұтқан ұйымдастырушылар 1925 жылы шет мемлекеттерден келген ойыншылардың қатысуына рұқсат беріп, «Ролан Гарросты» халықаралық деңгейге көтерді. Турнирдің бағдарламасы мен ережелері түбегейлі өзгерді. Бірте-бірте ол әлемдегі аса мәртебелі бәсекелердіңбіріне айналды.

Талай ығай мен сығайлардың басын қосқан бәсекеде көптеген рекордтық көрсеткіштер тіркелді. Мәселен, ерлер арасында француз Макс Декюжи  «Ролан Гарроста» 8 рет топ жарды. Бұл – ХХ ғасырдыңбасында болған оқиға. Жетпісінші жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жылдардың басында Бьорн Борг ешкімге бет қаратқан жоқ. Швецияның мақтанышы 6 рет бас жүлдені олжалады. Бүгінгі таңда испаниялық Рафаэль Надальдің қарқыны қатты. 2008-2012 жылдар аралығында Пириней түбегінің түлегі 7 рет жеңімпаз атанды. Әйелдер сайысында Крис Эверттің рекордына ешкім жете алмай келеді. АҚШ аруы 1974-1986 жылдар аралығында 7 мәрте алтыннан алқа тағынды. Франциялық Сюзанн Ленглен мен германиялық Штеффи Графф 6 реттен дәл сондай құрметке бөленді.

«Ролан Гарростың» өткен тарихына үңілсек, талай қызықтыдеректердің куәсі боламыз. Атап айтсақ, АҚШ теннисшісі Майкл Чанг пен швециялық Матс Виландер 17 жасында осы турнирде жеңіске жетсе, бұл белесті югославиялық бойжеткен Моника Селеш небары 16 жасында бағындырды. Бұл спортшылардың есімдері Париждегі жарыстың ең жас чемпиондары ретінде тарихта қалды.

2004 жылы Францияның қос ойыншысы – Фабрис Санторо менАрно Клеман арасындағы матч 6 сағат 33 минутқа созылды. Бұл – аталмыш жарыстың ең ұзаққа созылған бәсекесі. Екеуара тартыс алғашқысының пайдасына шешілді. Әйелдердің ең ұзақ сайысы 4 сағат 42 минутқа созылды. Осы орайда 2010 жылы іріктеу бәсекесінің финалында жапониялық Куруми Нара мен румыниялық Моника Никулеску күш сынасып, Күн Шығыс елінің өкілі жеңіске жетті. Ал ең қысқа матч 1988 жылы ойналды. Әйгілі неміс теннисшісі Штеффи Графф ақтық айқаста КСРО спортшысы Наталья Звереваны 6:0, 6:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл кездесу небары 34 минутқа созылды.

«Ролан Гарростың» ерлер арасындағы бәсекесінде көбіне-көпИспания теннисшілері үстемдік танытуда. Бас жүлдені олар 15 рет жеңіп алды. Австралия, АҚШ, Франция және Швецияның ойыншылары Парижде 10-нан аса топ жарды. Әйелдер сайысында АҚШ арулары алдына жан салар емес. Олар 27 рет дара шықты. Былтырғы жарыстыңшешуші бәсекелері өте шиеленісті өтті. Ерлер арасында «Грунт королі» атанған испаниялық Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичке сан соқтырды. Есеп – 6:4, 6:3, 2:6, 7:5. Жұптық сайыста ерлерден канадалық Даниэль Нистор мен белоруссиялықМаксим Мирныйдың қанжығасы майланса, әйелдерден Италияның қос жұлдызы – Сара Эррани мен Роберто Винчидің шоқтығы биік болды. «Нәзік жандылардың» жарысында ресейлік Мария Шарапова шашасына шаң жұқтырған жоқ. Ақтық сында ол Сара Эрранидің осал тұсын оңай тапты – 6:3, 6:2. Аралас жұптар арасында Үндістанның қос өкілі – Саня Мирза мен Махеш Бхупатидің бағы жанды.

Қазақстанның теннисшілері жайында айтар болсақ, «РоланГарроста» бұл күнге дейін ешкімнің бағы жанған жоқ. Десек те, азды-кемді табыстарға қол жеткізген жерлестеріміз бар. Мәселен, еліміздің еңүздік ойыншысы Ярослава Шведова  2010 және 2012 жылдары ширек финалға дейін жетіп, біраз олжаға кенелді. 2011 жылы жұптық сайыста Шведова жартылай финалда өнер көрсетті. Әзірге ең үздік көрсеткішіміз осы. Өзге отандастарымыздың ешбірі екінші айналымнан аса алған жоқ. Осы орайда 2004 жылы Сесиль Каратанчева жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінде жеңімпаз атанып, 2005 жылы негізгі жарыста ширек финалда күш сынасқанын айта кетуге тиіспіз. Алайда ол кезде Каратанчева Болгария құрамасының сапында өнер көрсеткен болатын. Негізі, «Ролан Гарросқа» әлемдік рейтингте 64 үздіктің қатарына енген теннисшілер еш кедергісіз қатыса алады. Одан бөлек, тағы бірнеше дарынды жас немесе ұйымдастырушылардың көңілі түскен бірқатар өрен арнайы шақырту қағазы арқылы Париждегі додада бақ сынау құрметіне ие болады. Сондай-ақ «Топ-64»-тің қатарына енбесе де, үздіктердіөкшелеп келе жатқан бірқатар үміткерлер іріктеу турнирінде күш сынасады. Солардың арасынан суырылып шыққандар да Франция астанасына ат басын бұрады.

Қазақстандықтар арасынан тек Ярослава Шведова мен ЮлияПутинцева ғана «Ролан Гарросқа» еш кедергісіз қатысу құрметіне бөленді.Айтулы теннисшілердің қазіргі қарқыны жаман емес. Ярослава әлемдік рейтингте 27-орында тұр. Юлия 105-орынға жайғасты. Екеуінің де әлеуеті зор. Тағы бірқатар теннисшілер іріктеу турнирінде шеберлік байқасқан еді. Алайда солардың арасынан тек Галина Воскобоева­ның (121) ғана жолы болды. Жерлесіміз үш бірдей қарсыласын жолынан ығыстырып, жолдамаға ие болды. Бір қуаныштысы, біздің қыздардың ешқайсысы «Ролан Гарростың» алғашқы айналымында сүрінген жоқ. Атап айтсақ, Воскобоева америкалық Грэйс Минды ұтты – 4:6, 6:4, 7:5. Путинцева жапониялық  Ауми Моритаға бас көтерткен жоқ – 6:2, 6:3. Шведова да АҚШ-тың тағы бір өкілі Коко Вандевечеге сан соқтырды. Бұйырса, осықыздардың біреуі «жүзден-жүйірік» шығып, үздіктер қатарына қосылса, бұл ел теннисі тарихындағы теңдессіз оқиғалардың бірі болатыны анық.  Биылғы жылы «Ролан Гарростың» жүлделік қоры 22 миллион евронықұрағанын жоғарыда айттық. Тарқатып айтсақ, бас жүлдені олжалаған қос дарабоз (ерлер мен әйелдер) 1 миллион 500 мыңды қалтаға басады. Ақтықайқаста ұтылғандар жеңімпаздан екі есе кем ақшаға иелік етеді. Жартылай финалда өнер көрсеткендер 375 000 евроны еншілесе, ширек финалға шыққандар 190 000 евроны әмияндарына салады. Сондай-ақ  жарыстың бел ортасында жеңілгендер немесе тұсаукесер кездесуде-ақұтылғандардың өздері несібесіз қалмайды. Мәселен, төртінші айналымға шыққандар – 100 000, үшінші кезеңге жеткендер – 60 000, екінші айналымда ойнағандар 35 000 евроны иеленеді. Ал алғашқы кездесуде-ақсан соғып қалғандардың есепшотына 21 000 евро аударылады. Жұптықбәсекеде бағы жанғандар 360 000 алса, финалистер сол ақшаның теңжартысын еншілейді. Аралас жұптар арасындағы жеңімпаздарға 105 000 евро тиесілі. Осы­лайша жарыс тың әр кезе­ңінен өткен сайын қаражат көбейе түседі. Бір сөзбен айтсақ, «Ролан Гарросқа» қатысушылар бастапқы бәсекелерде жеңіліс тапқан жағдайдың өзінде біраз пайдаға кенеледі.


 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
30 мая 2013, 12:28
179

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 33799
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15503
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12343
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12117
  • 60
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8581
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7836
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2722
  • 70
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
вчера / 14:49
  • 1571
  • 0