«Қыз Жібек» қойылымының тұсаукесері

kaztube1 2013 M05 29
1964
0
1
0

"Бүгін - ПРЕМЬЕРА, қазақ өнерінің хас шеберлері - Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский, Н.Тілендиевтер шығармашылығындағы "Қыз Жібектің" тұсаукесері өтеді. Актер, ұстаз - Сайлау Қамиевтың режиссурадағы...

"Бүгін - ПРЕМЬЕРА, қазақ өнерінің хас шеберлері - Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский, Н.Тілендиевтер шығармашылығындағы "Қыз Жібектің" тұсаукесері өтеді.

Актер, ұстаз - Сайлау Қамиевтың режиссурадағы алғашқы қадамы, алғашқы сахналық қойылымы көрерменге жол тартпақ.

Премьераның аяқ алысы да жаман емес, арайлап атқан ақ таңмен "Қазақстан" арнасының "Таңшолпан" бағдарламасы "Қыз Жібектің" тұсаукесерін барша көрерменге насихаттап, режиссерді қонаққа шақырды. Түске дейін "Мәдениет" арнасы сұхбат алды, енді патша көңілді көрерменді күтудеміз.

Басталуы сағат 18.30-да. Бүгінгі премьераны көре алмаған көрермен үшін, ертең де екінші күн премьерасы болады," деп хабарлайды Қалеки - қазақ театрының баспасөз хатшысы.

Егер уақытыңыз болып, нағыз өнерді тамашалап қайтқыңыз келсе, Қазақ театрына қарай жол тартыңыздар, астаналықтар...

Оцените пост

1