Қыздар рингке шықты

Kazsport agent 2013 M05 28
190
0
0
0

  Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында бокстанәйелдер арасында ірі халықаралық турнир басталады. Оған Әзірбайжан, Украина, Ресей және Қазақстан құрамаларықатысады. Бұл бәсеке матчтық кездесу...

 

Бүгін Ақмола облысының Шучинск қаласында бокстанәйелдер арасында ірі халықаралық турнир басталады. Оған Әзірбайжан, Украина, Ресей және Қазақстан құрамаларықатысады.

Бұл бәсеке матчтық кездесу жүйесі бойынша өткізіледі. Яғни әр команда бір-бірімен күш сынасу арқылы жеңімпазды анықтайды. Еңбастысы, барлық елдің ұлттық құрама бапкерлері өздерінің үздік былғарықолғап шеберлерін осы турнирге қатыстыруды құп көрген екен. Бұл – жарыс деңгейі жоғары болады деген сөз. Бақ сынаушылар арасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жүлде алған спортшылар да бар. Ал Қа­зақстан құрамасы сапында әлем чемпио­на­тының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі), Азия чемпионы Жайна Ше­кер­баева (51 келі), ел біріншілігінің жүлдегері Сания Сұлтанқызы (54 келі), Қазақстан чемпионы Оксана Королева (57 келі), құрлықтықдоданың қола жүлдегері Фи­рюза Шәріпова (60 келі), Азия чемпион­дары Саида Хасенова (64 келі) мен Дариға Шәкімова (69 келі), Олимпиада ойын­дарының қола жүлдегері Марина Вольнова (75 келі), әлем чемпионатының финалисі Жұлдыз Маматқұлова (81 келі) және ел біріншілігінің қола жүлдегері Ләззат Күнгенбаева (+81 келі) сынды боксшылар өнер көрсетеді.

 

Оцените пост

0