Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:01, 28 мая 2013

Белоруссия Қазақстанға қарсы құрамын анықтады

Blog post image

 

11 маусымда өтетін ойынға Боровский әлі жастар құрамасының тізімін жариялаған жоқ. Ал белорустар дайындықты кеше бастап кетті. Бірінші турда Исландиямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған ақ орыстар қазақ жастарынан үш ұпайды еншілеуді көздейді.

Маусымның 11-інде футболдан Қазақстан жастарқұрамасы (U-21) «Еуро-2015» іріктеу додасын бастайды. Алғашқы қарсыластарымыз – Белоруссия. Кездесу аталмыш елдің Борисов қаласында өтеді. Осыған орай, белорустардыңаға бапкері Алексей Вергеенко Қазақстанға қарсы дайындалар футболшыларының тізімін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, «Еуро – 2015» турнирінің іріктеу додасында белоруссиялық маман Сергей Боровский баптайтын Қазақстан жастарқұрамасы Франция, Армения, Исландия және Белоруссия құрамаларымен бірге 10-топқа түскен болатын. Алғашқы қарсыласымыз Белоруссиямен 11 маусымда Белоруссияның Борисов қаласында кездесеміз. Ойын Борисовқаласында Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Одан кейін 13 тамызда Францияны қабылдаймыз. Жалпы, биылдыққа Боровскийдіңкомандасы іріктеу додасының аясында алты матч өткізеді екен. Оныңтөртеуі түзде.

11 маусымда өтетін ойынға Боровский әлі жастар құрамасының тізімін жариялаған жоқ. Ал белорустар дайындықты кеше бастап кетті. Бірінші турда Исландиямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған ақ орыстар қазақжастарынан үш ұпайды еншілеуді көздейді. Сондықтан, дайындыққа тыңғылықты кіріскен. Аға бапкері Алексей Вергеенко 22 футболшыны шақырыпты. Ал Боровский таңдаған жігіттер бірер күнде белгілі болады.

Белоруссия жастар құрамасы:

Қақпашылар: Артем Сороко (БАТЭ), Андрей Сакович («Гомель»);

Қорғаушылар: Александр Анюкевич («Неман»), Евгений Клопоцкий(«Динамо-Брест»), Денис Ковалевский («Славия»), Станислав Сазонович(«Гомель»), Алексей Василевский («Шахтер»), Роман Бегунов («Минск»),Никита Рочев («Слуцк»);

Жартылай қорғаушылар: Кирилл Премудров («Динамо-Брест»),Максим Володько (БАТЭ), Павел Савицкий («Неман»), Сергей Новик(«Славия»), Артем Быков, Никита Корзун (екеуі де — «Динамо-Минск»),Сергей Пушняков, Артём Булойчик (екеуі де — «Минск»), Юрий Ковалев(«Шахтер»), Азам Раджабов («Динамо Киев», Украина), Кирилл Радушко(«Олимпия», Польша);

Шабуылшылар: Николай Сигневич («Динамо-Брест»), Артур Бомбель(«Неман»).

 
0
157
0