Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:56, 27 мая 2013

Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 6 млн.теңге пара алғандығын әшкереледі

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары А.Орманчинаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ол 2013 жылдың 24 сәуір және 3 мамыр аралығында бопсалау арқылы тұтынушы кооперативінің директорынан облыстың аудандарында 3 емхана мен 1 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін 6 млн.теңге пара алды деп күдіктенуде.

Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын тағайындау мәселелесі шешілуде.

0
341
0