Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:21, 27 мая 2013

Әскери медицина қызметкерлерінің жиыны

Blog post imageҚорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштері медицина қызметтері басшылық құрамының жиыны болып өтті. Оған қатысу үшін Астанаға әскер түрлері әскери-медициналық басқармаларының, өңірлік қолбасшылықтар медицина қызметтерінің, әскери-медициналық бөлімдердің, мекемелердің, дәріханалардың командирлері келді.

Жиын жұмысын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастады. Өткен кезеңдегі медициналық қызметтің қорытындылай отырып, Бас штабтың басшысы әскери медицина қызметкерлерінің жалпы 2012 жылға арналған міндеттерді орындап шыққанын атап өтті. Медициналық көмек қажетті көлемде көрсетілді. Мұның өзі әскери қызметшілер негізгі құрамының толық сапта болуын қамтамасыз етті.
Сонымен бірге генерал Жасұзақов әскери медицинаның әлеуетін арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Бұл үшін ол әскери-медициналық мекемелер – госпитальдерді, лазареттерді, медпункттерді өз сипаттамалары бойынша заман талабына сай қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
– Еліміздің және Қорғаныс министрлігінің басшылығы көрсетіп келе жатқан қолдаудың арқасында қазіргі уақытта Қарулы Күштердің мұқтажы үшін елеулі қаражат бөлінуде. – деп Бас штаб бастығы атап өтті. – Біздің ең жаңа жабдықтарды сатып алуға мүмкіндігіміз бар, оның бір дәлелі – Астана және Алматы қалаларындағы ірі госпитальдердің жабдықталуы. Осы бағытта жұмысты жалғастыру керек. Біздерден, әскери медицина қызметкерлерінен нақты ұсыныстар қажет. Біз армиямыздың әскери медицинасын жоғары деңгейге көтеруге тиіспіз.
Сондай-ақ әскери медицина қызметкерлерінің жиыны барысында әскерлер буынындағы медицина қызметкерлерін взводтан бастап даярлау қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Бөлімшелерде келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан даярлығы жоғары санитарлардың болуы уақтылы және сауатты көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде тез сауығу мүмкіндігін арттыра түседі.
Осы және басқа да мәселелердің аясында Қазақстан Қарулы Күштері медицина қызметтерінің басшылық құрамы алдағы кезеңге перспективалар мен жұмыс ауқымын жоспарлады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
635
0