Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:08, 27 мая 2013

Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына қатысты

Blog post imageБүгін Бішкек қаласында Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымы Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа қатысу үшін Қырғыз Республикасының астанасына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ-на қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен бірге келді.

Отырыста қорғаныс ведосмтволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп қатердің бар екендігін ескере отырып ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің құрылым жүйесінің жай күйі мен оны жетілдірудің шараларын талқылады.
Қорғаныс министрлері ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі қару-жарақ пен әскери техника түрлерінің және құралдары тізбесінің үлгілерімен олардың сипаттамасымен танысты.
Сондай-ақ отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінде бірлескен жедел және жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттар түрлерінің жинағы туралы шешім қабылданды. Бұл құжат ҰҚШҰ Бірлескен штабы мен ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен оқу- жаттығуларын ұйымдастырып өткізу кезінде штаб қолбасшыларына жәрдем көрсетуге арналған.
Отырыста ҰҚШҰ-ның бітімгерлік қуатын дамыту шеңберінде Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымы Ұжымдық бітімгерлік күштерінің бейбітшілікті қолдау операцияларын өткізуді дайындау жөніндегі құжаттар бекітілді. ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық» атты бірінші бітімгерлік жаттығуы 2012 жылы Қазақстан аймағында өткізілгендігін атап өткен жөн.
Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымы Қорғаныс министрлері Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы ҰҚШҰ-дағы әріптестерімен бірге келешекте әскери ынтымақтастықты дамыту және Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымының қуатын арттыру шеңберіндегі бірқатар құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
232
0