Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:09, 24 мая 2013

Бүгін Бас прокуратурада Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің мәжілісі болып өтіп, онда Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланды.

Blog post imageБағдарлама жобасын талқылауға Қоғамдық кеңес мүшелері және кеңестің отырысына шақырылған үкіметтік емес ұйымдардың, ресми діни қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес басталған болатын.

Радикализм, діни экстремизим және терроризмнің барлық нысандарымен және көріністерімен күресті Мемлекет басшысы алдағы кезеңге басым бағыттағы тапсырма ретінде анықтауына орай бұл құжатты дайындаудың қажеттілігі туындады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қаупіне жол бермеу арқылы адамның, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамда, оның ішінде ең алдымен жастар арасында діни экстремизмнің профилактикасын күшейту, сондай-ақ тұрғындарда Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылған.

Мемлекеттік бағдарламада діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұруды іске асыратын мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістері, соның ішінде халықтың діни сауаттылығын арттыру шаралары қарастырылған.

Мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық-насихаттық жұмыстарын азаматтық қоғам институттарын тарта отырып жетілдіру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың әдістемелік негізі ретіндегі ғылыми-қолданбалық зерттеулердің сапалық деңгейін арттыру көзделеді.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері осы құжаттың мазмұнына сындарлы ұсыныстар айтты.

Жиналыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура әзірлеген Мемлекеттік бағдарламаға оң баға беріліп, жоба Қоғамдық кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды.

0
247
0