Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:42, 24 мая 2013

Мәжіліс вице-министрді қуып салды

Парламент қабырғасында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. Мінбеге шыққан Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев дайындықсыз келгендігі үшін мәжіліс отырысынан қуылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі жөнінде қаралып жатқан болатын. Кенеттен ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин шұбалаңқы баяндамаға көңілі толмай, бұл мәселені күн тәртібінен алып тастау үшін дауысқа салды. Сол-ақ екен, Төраға шешімін депутаттар жаппай қолдай кетті. Халық қалаулыларының алдына шықпас бұрын тас-түйін дайындалу керектігін қатаң ескертті. Вице-министр бұл мәселе бойынша сұхбат беруден бас тартып, соңынан қуған тілшілерге жеткізбей кетті.

0
265
0