Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:53, 21 мая 2013

Құдайдың математикалық дәлелдемесі

Ғылым — діндегі тиімсіздіктерді теріске шығаруға лайықталған тиімді құрал, ал барлық ғалымдар айқындама бойынша — атеистер деген пікір қалыптасқан. Біз бұған керісінше тұжырымдамамызды білдіргіміз келеді. Оның үстіне ғылым талдау құралы ретінде құдайшылық ниеттердің мәнін дәлелдейтін және түсіндіретін діннің нақ өзінің прагматикалық элементі тұрғысында көрініс беретіндігі туралы бізді сендіретін нанымды иландырушы тұғырманама бар екендігін және ескерейік.

Мынадай мысалды қарастырып көрелік. Бізге екі адам келді дейік: біреуінің қолында Інжіл бар, ол бұның Құдай сөзі екендігіне сендіреді, екіншісі Құран ұстаған, ол да соны айтады. Бір атап өтерлігі, Сіз Інжілден де, Құраннан да бірыңғай тіршілікті орнықтырушы ақиқаттарды табасыз, өйткені екеуінде де көп жағдайда айтылар сөз түйіні үйлесіп жатады. Бұдан шығатын қорытынды не?

Адамдардың тоқсан пайызы қандай да болмасын дінді қандай мекенде туғанына және этносына байланысты ғана қабылдайды, бұл ішкі келісіммен атқарыла берілетін нәрсе. Қазақстанда тусаң — мұсылман сүнниті, ханафит масхабысың. Иранда дүниеге келсең —мұсылман шейіт, Шешен елі болса — Кунта қажы кадарийлік тарикаты мұсылман-сүнниті, Испанияда — христиан-католик, Грузияда — христиан-православиелік...

Дүниетаным мен дінді саналы түрде таңдау — азшылықтың үлесіне тиеді. Адамдардың көпшілігі нені тұтынады, қалай көбейеді, отбасын құрып, бірін-бірі ұнатады, айырылысады, бірін-бірі көре алмайды, табынады, т.б. мәселелерде оларды неге істейтіндігіне сауал қоймастан тіршілікті етуді жалғастыра береді.

Жалпы алғанда соның барлығының мәні неде дегенді ойға алатындар мүлдем сирек. Ал бұл сұрақ өз кезегінде одан да гөрі нақты, көптеген түйіндерді туындатады. Нәтижесінде, адам шыдамдылық пен білуге ұмтылушылық болғанда соған қатысты жауап іздей бастайды және олардың кейбіреулеріне қанағаттанушылық білдіреді. Іздеген мәселесі ретінде ол басқаша түрде алғанда дін немесе философия деп аталатын орнықты және зерделі көзқарастар мен бағалаулар жүйесіне ие болады.

Алайда мына шындық сол күйінде қалады — қандай да дінді САНАЛЫ түрде қабылдайтын және тұтастықта дүниетанымға ие адамдар азшылық. Рас, соңғы кездері бұл тұрғыда аздаған ілгерілеу байқалады.

Біздің арамызда дүниетанымдық, немесе тіпті былай дейік, тіршілікті орнықтырушы ерекшеліктердің жауабы қиын сауалдарын өз-өзіне қоятын адамдар да кездеседі. Олардың кейбіреулері ізденістері барысында ақырына дейін жетеді де, қандай да сенімдер жүйесінің жақтаушысына айналады. Осыған байланысты мынадай табиғи сұрақ туындайды: сол жүйелердің қайсысы неғұрлым ақиқат? Әр түрлі көзқарастар жауаптардың әр қилы варианттарын ұсынады, бірақ принципті түрде алғандағы шешімдер екеу ғана: тиімді емес (танымсыз, қол жетпейтін) және тиімді.

Бұның алғашқысы дінмен, екіншісі ғылыммен байланыстырады. Бірінші жағдайда дінге сенуші діни дәлелдемелерді көз жұма, тиімсіз қабылдауы тиіс, ал ғылыми әдіс кейбіреулер әншейін «сенімге» қабылдайтын ұғымға сыни тұрғыдан қарайды немесе дүдәмал сенімнің белгілі бір үлесін болжамдайды. Осындай себептерден де соңғы ғасырлар тарихында дін мен ғылым арасында бірқатар антагонизмдер байқалды. Бұл қарама-қайшылықтарды Орта ғасырлардағы бітіспес жаулық пен рақымсыздық алауынан Жаңа Уақыттағы бәрін тегіс қамти алатын принцип ретінде ғылымның жаппай үстемдігіне дейін әр түрлі фазаларды бастан өткерді.

Алайда бүгінгі күні, біздің модернистик дәуірден соң ғылым әлем негізін өз зерттеуінде белгілі бір шепке дейін жетіп, шешімін таба алмайтындай халдегі тосын жәйтке тап болды. Мұндай қайшылықтардың детальдары мейлінше күрделі және оларды сипаттау өз алдына бөлек әңгімелеуді қажет етеді. Алайды олардың мәні мынаған келіп жинақталады: Бүкіл әлемдегі материалдық-энергетикалық баланстың өзгермейтіндігін және физикалық заңдардың мызғымастығын болжамдайтын әлемнің механистикалық көрінісі бәрібір ғылыми жолмен алынған жаңа деректермен елеулі түрде түзетілді. Мысалы, Үлкен жарылыстың дәлелденген және қабылданған, сондай-ақ Бүкіл әлемде кеңейтілген теориясы, кванттық физиканың индетерминистік негіздері, жылу динамикасы және бейберекеттік теориялары, ДНК-ға ақпараттарды кодтау күрделілігі, есімдік принцип...

Егер осының бәрін барынша оңайлататын болсақ, онда мыналарға ие болар едік: тірі және тірі емес материя негіздерін ғылыми зерттеулер Жасағанның тіршілік етуіне тікелей көрсететін белгілі бір Ойды табуға әкеледі. Бұл тұжырым өзінен өзі жаңалық болып табылады, бірақ Құдайдың бар екендігіне онсыз сенімді дін жолындағылар үшін емес. Алайда біз жоғарыда атап кеткендей, көптеген адамдар көзсіз және тиімсіз сенімге ие.

Әдетте, діни сенімдегілер арасында өз сенімін күмәнге келтіріп, оларды тұғырлы, тиімді нанымдар разрядына ауыстыратындар аз болып келеді. Біз еске алған ғылыми мысалдар Құдайдың бар екендігі дерегіне қарай қосымша тиімді тұжырымдарды тануды ұсынады.

Сонымен, ғылым (тиімді әдіс) бүгінгі күні діннің мәнін (тиімсіз әдісті) тұжырымдайды. Біз тиімсіздік жағынан қарсы қозғалыс бола ма, сол мәселе жөнінен қызығушылық білдіруге құқылымыз. Басқаша сөзбен айтқанда, ғылым жаңалықтарын растайтын дін бар ма? Кез-келген аз да болса байыпты дін қандай да діни жүйенің әлемді тану негіздері туралы сол арқылы біз білетін жазбаша түпнұсқаға, кітапқа немесе жазбаға ие болуы тиіс. Басқаларының ортасында Құдайдың пайда болуына ой салатын бізге қолжетімді түпнұсқаларды зерттеумен шұғылдана отырып, біз қазіргі заманғы тұғырлы және сынақты ғылым жаңалықтарымен тікелей келісімдегі тұжырымдамаларды солардан таба отырып, біз кітаби мәтіндер мен талдауға тап болдық.

Одан әрі жүрейік. Ғылыми әдіс негізінде математика жататыны белгілі. Сандар тілініде барлық негізгі физикалық процестер мен ахуалдар сипатталады. Кез-келген ғылым жаңалығы математикалық теңдік, формулалар, теоремалар түрінде көрініс табуы тиіс. Егер Құдай жаратқан бізді қоршаған орта математиканың көмегімен суреттелетін болса, онда мынадай сауалдың туындайтыны ойға сыйымды болмақ: Құранда математика қолданылған ба? Біз Кітап және әлемнің математикалық негіздері туралы ескерту Құранда тікелей мәтінде болғандығын дәлелдей аламыз:

Ол — құпияға иелік етуші және Өзінің құпиясын ырза болған елшілерінен басқа ешкімге ашпайды және өз Тәңірісінің Жолдауын жеткізгендігін білу үшін алдынан да, артынан да күзетішілерді қояды. Ол олармен бірге болғанның бәрін біліммен жарылқайды және Ол барлық затты есептеді (72:26-28)?

Олай емес қой! Өйткені сопылардың кітабы әрине, иллийунде. Иллийн деген нен екенін білу саған не береді? (Бұл) – марқұмдардың кітабы! (83:18-20).

Сондай-ақ біз Құраннан бір санның ерекше бөлектенуін табамыз. Бұл сан – 19.

«... Оның үстінде – он тоғыз... Біз оттың иесі ретінде періштелерді ғана жасадық және олардың санын былай деп жасадық:

- сенбейтіндер үшін сынақпен,

- Жазба берілгенді куәландіру және сенетіндер өз сенімін күшейту үшін.

- Сенетіндер және жазба берілгендер күмәнданбауы үшін.

- Сенбейтіндер және жүрегінде сырқаты барлар айтуы үшін: «Құдай бұл тәмсілімен не (айтқысы) келді?».

Осылайша Құдай кімді қаласа, соны адастырады, кімді қаласа, соны тура жолмен алып жүреді, сенің Тәңіріңнің басшылығын Одан басқа ешкім де білмейді, ал бұл — адамдарға ескерту ғана.

Олай емес! Аймен ант етемін! Түн айналған кезде онымен, көрінген кезде аймен! Өйткені бұл — адамдар үшін ұлы өсиеттердің бірі. Сіздердің араларыңызда кімде-кім алға басқысы келсе немесе шегінуді қалағандар үшін». (Құран 74:30-37).

Құранға сәйкесінше, 19 саны мынадай функцияларды атқаруға бейімделген:

Сенімді күшейтуге (дінге сенушілер санасында тиімді мен тиімсіз арасындағы қарама-қайшылықтардың жою);

Құрандық жаңалықтардың ақиқаттығына Жазбаға адамдарды иландыру;

Құрандық мәтіннің математикалық табиғатына назар аударту.

Құранның сандық заңдылықтарын зерттеу адамды теңдесссіз факт — адамды Жазбаның Құдай туындысы екендігін айқын тануға әкеледі. Дәстүрге саналы, айқын сену, бірақ тиімді және сезімдік (эмпирикалық) дәлелдемелерге негізделген ақылға сыйымды Сенім.

19 санының болуы — Кітаптың ақиқаттығының ең басты дәлелдемесі. «Өйткені бұл — ұлылардың бірі». 19 санымен айқындау — Жазба сақталуының кепілі және Құранның қайталанбайтындығының және бірегейлігінің дәлелі:

Айт: «Егер адамдар мен жындар осы Құранға ұқсас жасау үшін жиналса, олардың ең болмағанда біреулері басқа көмекшілер болса да, ұқсас нәрсені жасай алмаған болар еді» (17:88).

Құдай Құранда Өз Кітабының сақталуына кепіл береді. Бірақ мұны Тор мен Евангелие ізбасарларына қалай дәлелдеуге болады? Исламды сынаушылар аяттардың бір бөлігі жоғалды (зинақорларды таспен ұру туралы аят), бір бөлігі ұмытылды, бір бөлігі өзгертілді деп дәлелдей отырып, Құранның толық еместігі туралы ондаған хадистерді келтіреді. Олардың тұжырымдамаларының бәрі жалған екенін оларға (және өзіңе) қалай дәлелдеуге болады? Құран ҚҰДАЙМЕН ҚОРҒАЛҒАНДЫҚТАН САҚТАЛҒАН, ТОЛЫҚҚАНДЫ және ҚОРҒАНЫСТЫҢ ЕҢ БИІК ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ!

Бұған бізге Құранның МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ТЕОРИЯСЫ — МӘТІННІҢ 19 САНЫМЕН КОДТАЛУЫ да көмектеседі.

Адамзатқа танымал кез-келген басқа кітапты алып қараңыз — солардың біреуінен де бұған ұқсас математикалық әсемдікті сіз таба алмайсыз. Құран мәтінінен ең болмағанда бір аятты алып тастаңыз немесе оған қосыңыз, математикалық әсемдік бұдан бұзылмайды. «Аллах» сөзі бар бір аятты алып еді — бұл сөздің аталуы жиілігі бұзылды (2698 (19х142), «яум» (күн) сөзімен аятты алып тастап еді, еске алулар саны енді 365 болмайды (жылдағы күн саны Құрандағы «яум» сөзі санына теңеледі), кейбір шейіттік ағымдар талап еткендей, тағы бір сүрені қосқанда — сүре саны жиілігі бұзылады (19х6), және бұл езбелік мысалдар...

Ешқандай нөмірлеу емес, Құранды адамзаттың (және басқаның) араласуынан қорғайтын ең сенімді «ВИРУСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМА»!

ОЙ-НИЕТТІҢ ұлылығын ПАЙЫМДАП ҚАРАҢЫЗ, СОНДА СІЗ ҚҰДАЙДЫҢ тіршілік кешуінің адамзат тарихындағы алғашқы тиімді дәлелдемесін көресіз!

Құранның математикалық ғажайыптарының 10 мысалы

1. Таңғажайып сандық қатарлар

Аллатағала Құранда пайдаланған барлық сандардың іріктелуі таңданыс тудырады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100, 200, 300, 1000, 2000, 3000, 5000, 50 000, 100 000.

Таңғажайып заңдылық көрініс беріп тұрған жоқ па? Сіз Құран мәтінінен 43,67, 234, 24 және тағы басқа сандарды кездестірмейсіз, ал жеке дара тұрған сан бұл — «19». Бірақ бұл сан туралы Құдай рны ерекшелеп, айырықша айтады. «Оның үстінде – он тоғыз...». Екінші бір таң қаларлық факт былайша тұжырымдалады: 162.146-ға тең бұл сандардың жиынтығы 19 есе, яғни қалдықсыз бөлінеді (162146:19 = 8534).

2. Төтен сандар

Математикалық зерттеуден кейін ғана аятты жеткізудің әдеттен тыс формасы түсінікті болады: «Олар үңгірде үш жүз және тоғыз жыл өткізді». (Үңгір сүресі, 25 аят).

«Үш жүз және тоғыз жыл» күрделі формасы орнына «үш жүз тоғыз жыл» атауын неге пайдаланбасқа деген ой келеді. Алайда бұл жағдайда зерттеліп отырған сандық қатарлар 309 санымен толықтырылып, бұл қатарлардың ж.йелік әсемдігін ыдыратып, жиілікті бұзған болар еді.

Немесе Нұқ пайғамбардың мысалы: «950» санын қолдану орнына, Құдай бір қарағанда күрделі және таңғаларлық, Құран мәтінін математикалық талдаудан кейін ғана түсінікті болатын «50 жылсыз 1000 жыл» формуласын пайдаланады.

«Біз Нұқты оның халқына жібердік және ол олардың арасында елу жылсыз мың жыл болды. Олар заңсыздықта жүрді және оларды тасқын басты». (Құран 29:14).

3. 19 еселігі — барлық жерде

«Бисмилляхи Рахмани Рахим» аудармада мынаны білдіреді: «Қайырымды да мейірімді Алла атымен». Түпнұсқада бұл ұғым 19 әріптен тұрады. Кездейсоқ сәйкестік пе? «Бисмилляхи Рахмани Рахим» атауын құрайтын әрбір сөз Құрандда 19 рет қолданылады: «Исм» (есім) – 19 (19х1), «Аллах» 2698 (19х142), «Рахман» (қайырымды) 57 (19х3), «Рахим» (Мейірімді) 114 (19х6).

4. Құрандағы күн мен айлар

«Күн» (яум) сөзі дара ретте 365 рет қайталанса, «күндер» (айям, яумэйн) сөзі көптік санда 30 рет қайталанады. «Ай» (шахр) сөзі 12 рет қайталанады.

5. Періштелер мен шайтандар

«Әзәзіл» (шайтан) Құранда 88 рет пайдаланылады, «Періште» сөзі де 88 рет қайталанады.

6. Жұмақ пен Тозақ

«Жұмақ» және «Тозақ» сөздері бірдей мөлшерде қолданылады: әрқайсысында 77 реттен.

7. Құрғақта және теңізде

Құранның барлық мәтінінде «құрғақ» сөзі – 13 рет, «теңіз» сөзі 32 рет кездеседі. осы екі сөздің қайталану жиынтығы 45-ке тең. Мынадай факт таң қаларлық: «Құрғақ» сөзі қайталануы санын егер бөлетін болсақ, яғни 13-ті осы санға, онда пайыздық қатынас 28,88888889% болады. Егер «теңіз» сөзі бөлсек, яғни 32-ні 45 жалпы санына, онда 71, 11111111% қатынасы шығады. Бұл сандар 28,8% және 71,1% Жер планетасындағы құрғақ пен судың алаңының ғылыми белгіленген пайыздық қатынастары болып табылатындығы дерегі таң қалдырады.
Құрғақ – 13 рет. 13/45 = 28,88888889%
Теңіз – 32 рет. 32/45= 71, 11111111%
Барлығы – 45 рет 100%

8. Шарап және маскүнемдік
«Шарап» және «маскүнемдік» сөздері бірдей санда қайталанады: 6
шарап - 6 рет
маскүнемдік - 6 рет

9. Қылмыс және жаза

«Қайраткерлік» және «қылығына қарай құрметтеу не жазалау» сөз қолданылуы бірдей – 107 реттен.

10. Сүре және аяттар

Құранда 114 сүре (19х6) және нөмірленбеген «Бисмилляхи Рахмани Рахимді» қосқанда дәл 6346 аят бар, онда 6+3-4+6 = 19 және әрі қарай 6346 = 19х334.

Бұл Тәңірілік Құранның математикалық үйлесімінің шағын аз ғана бөлігі.

Біздің Тәңіріміз! Сен бізді тура жолға салғаннан кейін басқа жаққа біздің жүрегімізді бұрма және бізге Өзіңнен мейірімділік бере гөр, өйткені Сен — Жарылқаушысың! (3:8).

0
3720
0