Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:05, 20 мая 2013

Сыбайлас жемқорлықпен күрес!

Құрметті!!!

Астана қаласының Бас Прокуроры Жоргенбаев Мухтар Акебаевич!!!

Жағдайымды жаза отырып, сізден көмек күтіп, демеушілік көрсетуіңізді сұраймын.

Мен Байдаулетова Жанаргул Жанаталаповна талапкер Н.Габбасованың өкілі боламы. Маған сенім білдіруші талапкер Нуржиян Габбасова – менің жұбайымнің анасы. Біз барлығымыз бір отбасы болып, Жымпиты ауылында Әйтеке би көшесі 41/1 мекен – жайы бойынша орналасқан талапкердің жеке меншігіндегі үйде тұрамыз. Сонымен қатар осы үйге қызмет көрсету және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін бөлінген көлемі 0,2 га ( 40м × 50 м) кадастрлық нөмері 08-122-035-424 жер учаскесі және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт  жеке меншігіне рәсімделген. Алайда, аудан және ауыл басшылары осы құжаттарға қарамастан талапкердің жеке меншігіндегі жер бөлігіне ( жартысынан көбіне 0,1183 га жерге) операторлар үйінің құрылысын салды. Ауыл әкімі болған И.Бақтыбаев, жер қатынастар бөлімінің басшысы Ө.Уашев, құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Жакиев. Осы кісілер – Н.Габбасованың атынан арыз жазып, қалталарынан ақша шығарып, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акттінде жасатқан.

Осы әрекеттері заңды ма?

Габбасованың азаматтық және конституциялық құқығын өрескел бұзып отыр. Сонымен қатар заңсыз әрекеттерімен басшы орында отырып мемлекеттік қызмет жасайтын азаматтар өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық қылмыс жасап отыр деп ойлаймын. Осы күнге дейін  азаматтарға қылмыстық іс қозғалмады және де жазаға тартылмады. Еліміздің тұрақтылығына және мемлекет қызметкерлеріне деген сенімсіздік туындайды. Бұл оқиға 09.09.2010 жылы басталды. Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық соттын 14.05.2012 жылы №2-142-11, 2-65-11, 2-01- 12 санды шешімдері шықты. Заңсыз салынған операторлар үйі құрылысы бұзып алуы міндеттелді. Қазіргі кезде бұзу жұмыстары жаңадан  жүріп жатыр. Иеленіп алған, жеке меншік жер телімін сатып алғаннан гөрі 47000000( қырық жеті миллион теңге өздері айтқандай) салынған құрылыс нысаның бұзып алуы арзанға түскені ме?

Сырым ауданының прокуроры М.Е.Изимовқа, Бөрлі аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясының майоры Б.Ж.Мырзашевке осы жағдайымды айтып өтініш жаздым, нәтиже болмады.

Сізге жазуыма мәжбүрлеп отыр. Көмек береді деген үміттемін.

Өтінемін:

Ақиқатын анықтап, кінәлі азаматтарды қылмысты жазаға тартуын сұраймын.

   
0
361
0