Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Kazsport agent 2013 M05 19
191
0
0
0

    Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Жеткіншектер мен жастар арасындағы ел чемпионатына 8 қаладан келген 180 акробат қатысып...

   

Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жеткіншектер мен жастар арасындағы ел чемпионатына 8 қаладан келген 180 акробат қатысып жатыр.

«Жасы кіші спортшылар көпсайыстан, ал ересектері баланстық жаттығулар бойынша бақтарын сынайды. Спортшылардың құрамы мықты, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері мен кандидаттар бар»,-деді сайыстың бас төрешісі Андрей Ямпольский.

Екібастұздан келген қыздар көркем композицияларын назарға ұсынды. 4 жылдан бері жаттығып жүрген спортшылар Азия чемпионатында екінші орынды жеңіп алған.

Акробатикадан ел чемпионаты үш күнге жалғасады, оның қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер медальдермен және грамоталармен марапатталады.

 

Оцените пост

0
Дальше