Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:05, 19 мая 2013

Қазақстандық боксшылар Ресейден жеті алтын жүлдемен оралды

Blog post image

 

Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар командалық есепте бірінші орын алып, 7 алтын және 1 қола жеңіп алды. Хабаровскта өткен жарыс 19-шы мамырда мәреге жетті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

«Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Бақытжан Қожабеков (69), Нұрдәулет Жарманов (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (+91 кг) жеңіс тұғырына көтерілді. Антон Пинчук (91 кг) қола жүлде алды»,-деп жазылған хабарламада.

Қазақстан командасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алдын ала кезеңде Біржан Жақыпов пен Ілияс Сүлейменов жарыстан шығып қалды.

Турнирге 17 елден 99 спортшы қатысқан.

 
0
246
0