место в рейтинге
  • 12901
  • 10
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мен де бала болғанмын

Өмірімнің 26-шы күзі. Бұл дүние есігін күз мезгілімен ашыппын. Сонан да болар күз маған ерекше ұнайды. Біреулер жапырақтардың сарғайып, ағаштарынан үзіле құлағанын көріп, көңілдері құлазитындарын айтып жатады. Ал маған бәрі керісінше. Қызылорда күзімен де көңілді.

Бүгін балалық шағыма бір ой жүгіртсем деймін. Мен 18-ші қыркүйекте Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде дүниеге келдім. Көптеген балалар секілді перзентханада емес, үйде. Бұл дүниеге асыққан шығармын. Сол күннен басталған АСЫҒЫСТЫҚ менің серігім болып алғандай. Үнемі асығыстық. Үнемі үсігістік.

Алғашқыда өте момын болдым. Өте ырбаң. Асқан еркелік. Жеті жыл үйдің кенжесі болу оңай ма? Қалай қарындасым отбасы қатарына қосылды мен тәттіліктен қағылдым да қалдым. Әке-шешем қайда барса мен де сонда. Бір елі қалмайтынмын. «Өзім жүріп барамын, арқала деп айтпаймын»,-деп уәде беремін де, оған шама келмей қалады. Нәзік болдым десем қыз сияқты болып қаламын-ау, «әлсіз» болдым дейінші. Несі керек әкем салақтатып арқасына салып алатын. Жә, осылай бес жасқа дейін момындықты бастан өткердік. Осы жылдар аралығында «Ерка», «Еркош», «Эка» лақап аттарын алдым. «Ерка» деп өзімнен бір жас үлкен ағам қойған. Қояйын деді дейсіз бе. Тілі келмеген ғой Еркебұлан деуге. Ал енді мына аттарға қараңыз. Маған он қайнатса сорпасы қосылмас. «Ақсикан», «Сары сапалақ», «Сиканчик», «Соколов».

Бес жасқа дейін көшенің балаларына қосылмай үйдің сырқы қабырғасына жабысып, жылай беретінсің дейді анам. Кейін етек жеңді түріп, жан-жағыма көз тіге бастадым. Осы сәттен бастап мені ұстау қиын боп кетті. Құйындай далаға тартып кететінді шығардым. Біздің ауыл құмды. Барқандар. Үлкен төбелер. Онда жабайы сәбіз, жуа, гарагани бәрі өседі. Үйден жемегенді сол даладан қазып жейтінбіз. Тапа-тал түсте «охотаға» кеттік деп, қолға рагатка, ұзын таяқ алып, дала кезіп кетеміз. Жалаң аяқ, жалаң бас. Табан жарық, сирақ күс, бет қаспақ. Біреу қинап далаға айдағандай. «Баланың жұмысы-ойын»,- деген екен бір орыс ойшылы. Ал бұл дала сол жұмыс алаңы еді ғой. Кесіртке деймісің, жылан деймісің, кірпі, құм тасбақасына дейін аулап келетінбіз. Ұзын сонар охотадан келіп, көшеге әлгі аулаған бауырымен жорғалаушыларды тізбектеп қойып, алыстан тағы да рагаткамен атамыз. Біздің көшеден көлік жүрмейтін ол шақтарда. Ештеңе мазаламайды. КСРО-ның құлдырап жатқан шағы. Жеке көлік деген қайда ол кезде. Бірен-саран жүк көліктері ғана бар-тын. Айтпақшы жыландарды жетіге бөліп тастайтынбыз әйнекпен. Әйтпесе түнде келіп, үй ішіңмен қырып кетеді дейтін балалар. Сондай-сондай арамызда аңыздар да бар еді. Ал тасбақаны неге ұстайды дейсіз. Егер оның арқалаған тасын сындырсаң, жауын жауады дегенге сенетінбіз. Ол тасты сындыру әжептеуір қиын жұмыс. Ай, обал-ай! Балалық ғой! Дегендей, құрбақаны айтсаңшы. Құрбақа ұстасақ аузына темекі тұтатып, қыстырып қоямыз. Ал құрбақаның өзгелерден ерекшелігі олар демді ішке алады да, терісімен шығарады. Соны біз бала болсақ та білетінбіз. Темекі түтінін тарта-тарта, әлгі құрбақа жарылатын. Бірақ, өтірік айтып қайтейін, біреуін де жармадық. Дәтіміз шыдамады. Көз алдыңда көзі бақырайып, тырсиған жануарды аяйтынбыз да, жөніне қоя беретінбіз. Ал кірпіден еш қызық жоқ. Кеш батса қоқысқа тастаған ескі киім кешектерді өртеп, арасына кортоп псіріп жейтінбіз. Үйдің таза тамағынан сол қоқысқа оралып піскен күйе картоп дәмді болғаны ғой. Сонда деймін-ау қазіргі балалар сияқты ауырып қалмайтынбыз. Бактерия, инфекция деген терминдер ғана еді біз үшін. Бұл шақтарды армандайтын да жөнім бар. Қазір сол дала елді-мекенге айналды. Біз ойнаған тақырлар қазір біреудің ауласы. Біз шыққан үлкен құм төбелерден түк қалмады. Құрылыс алаңына тасылып кетті. Әлсін-әлсін көліктер өтетін саздақ жол, қазір асфальт. Онда заулаған шетел көліктері, автобустар. Елу жылда ел жаңа деген осы. Елудің жартысының өзі осындай өзгерістер әкелді.

Петканы қалай ойнайтын едің десейші маған. Оййй-дөйт, қыздар өз коммандасына алуға тырысатын еді мені. Сіздерде петканы «мап» деп атайтын болар. Жерге сызып қойып, секіретінбіз. Оның да түр түрін ойнайтынбыз. Жіппен секіруге онша болмадым. Қалау-қалау кімді қалау, жаман-жаман пәленшені қалау дегенге де жоқ едім. Ал айкол-сайкол-дикол, джами дегендер тіпті керемет еді. Айкол-сайкол ағашпен ойналатын. Ал джами бояу қауырсындарын қатарластырып, доппен ойналады. Осельные порядки, Угол ойындары ше. Сыммен велоның дискісін итеру, москвичтің доңғалағын дөңгелету. Жасырынбақ, футбол, волейбол, қыста хоккей, ортаға екі баладан шығып екі жақтан доп ататын ойын бар еді. Ләңгі мен асықты керемет ойнамасам да, қатысатынмын. Асыққа қорғасын құйып сататынмын ))). Асық ойынынан квадрат, круг, манай ойнадық. Ләңгіге қорғасын құйдық талай. Ләңгіде люра тебуден шорқақ болдым. Қатарынан екеуден асыра алмай-ақ қойдым. Семсерлестік, күрестік, банды-полиция ойынын да ойнадық. Мен үнемі банда болатынмын. Полиция болып көрмеппін. «Чародей» фильмін көріп, оның да киімін қара қағаздан тіктік. «Шабуылшы қаңқалар» мультфильміндегі кейіпкерлерге айналып, кристал үшін таластық. «Черепачки ниндзя»-дағы Данотела болдым. «Война говодов»-тағы Второй болдым. «Охота за привидениями»-дағы негр болдым.

Сорақысы тас шөкелесіп те ойнайтынбыз. Талғат деген көршім екі рет басын жарып алып, сонан көшеде үлкен даудан соң басылған бұл ойын. Бірақ бұл ойынның белсендісі де сол Талғат еді. Ал велосипед тебу өз алдына ғой. Екі рет велосипедімді ұрлаттым. Балдырғаныммен үшеу, айтпақшы ))).

Біз көшеде екіге бөлініп, әнші балапан ұйымдастыратынбыз. Кәдімгідей сценарийі болатын сайысымыздың. Ән айтатынбыз, би билейтінбіз. Арамызда үлкендері қазылықта отырып, баға беретін. Сайыс соңы үлкен қырғын, төбелес, шаш жұлысумен аяқталатын. Сол қыздардан қазір көшеде ешқайсысы қалмады ғой. Бәрі тұрмыста. Басы 1983 жылғы да, соңы 1990 жылғылар ғой. Қайдасыңдар Шолпан, Анаркүл, Нүргүл, Аида, Жанар, Мөлдір, Ұлбосын, Эльмира, Гүлзат, Гүлназ, Малика? Әлі бала болғанымызда Жанардың туылған күніне 13қырқүйек, Нүргілдікіне 16қыркүйек, Талғаттыкіне 17 қыркүйек, ал менімен бір күнде туылған Гүлзаттың туылған күні 18 қыркүйек үй-үйге тойлатып баратын едік. Ал сыйлыққа бір сабын мен мачалка да жетіп жататын ))). Сағымдай боп кеттіңдер-ау! Ал жігіттерді қоя сал ))). Жүр ғой үй жақта ))). Отбасын құрып алып.

Ал енді қылмыстарымды да ашайын. Мен өртеудің шебері болдым. Бір күні Нұрбек деген баламен сол үйдің қорасын өртемек болдық. Түк шықпады. Сонан мен өз мал қорама шақырдым. Біздің мал қора жаңадан салынған. Қамыстан әрине. Іші ық дегендей. Не керек сонан біздің қораны өртедік. Бірақ, сөндіруге шамамыз жетпей қалды. Өрт шалған қамыс әп-сәтте лап етеді екен. Екеуміз қаша жөнелдік. Дым болмағандай Нұрбектің атасының үйіне барып, еденіне сырғанап, ойнап қайттық. Қайтып келсем, қораны сөндіріп алыпты. Қашып бара жатқанымда көрші үйдегі Қияш деген апа көріп қалып, лезде әке-шешем бәрі сөндіріп үлгеріпті. Үйге келсем әкем жатыр екен. Аяғымды басшы деді. Мен әкемнің қораны өртеген мен екендігімнен хабары жоқ деп ойладым. Сәлден соң:

-Ерка,-деді.

-ау,-дедім мен.

-Қораны неге өртеп жібердің?-дегенінде, жәймен ғана аяғынан түсіп, спальняға қашып кеттім. Спальняда кереует болатын. Үстінде төсек жиналып тұрады да, ұзын сары жапқышы еденге дейін жететін. Сол кереуеттің астына төсек салып алып, жаттым. Бір уақытта ағам сабақтан келді. Ол кезде ол бірінші сыныпта. Оны мен жүрісінен-ақ байқадым да:

-Дархан,-дедім.

Ағам аңқаулау. Мені іздеп жүр. Мен кереуеттің астындамын дедім. Қарным аш. Тамақ сұрадым. Бір кесеге салынған кортопты сол кереуеттің астында соғып алдым ғой.

Көп ұзамай тағы бір хикаяны бастадым. Көрші үй салып жатқан. Майлы шпалдар түсіріп қойыпты. Енді ағашты біраз жинапты. Көптен бір домалақ темір мен ұшбұрыш темірге көзім түсіп жүрген. Не де болса осы бомба деген тоқтамға келдім. Ол уақытта соғыс туралы ойынды жақсы көрдік. Несі керек осы екі құртақадай темір, сол шпалдардың ажалы болды ғой. Жарамыз деген оймен ағам екеуміз шпалдардың арасына салып, өртеп кеп жібердік саляркамен. Әлгі екі гранатамыз жарылмады. Қайдан жарылсын подшипник екен ғой жай ғана. Үйге қашып, залдағы қатарынан жиналған екі түсектің артына тығылдық та қалдық. Бірақ, сонымыз үшін таяқ жемедік.

Осындай өрттермен атағым бір шыққан соң, қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан дегендей өрт болса менен көретінді шығарды көршілер.

Өстіп жүріп бірінші сыныпқа барған Еркебұлан бұзықтықты қойды. Апайдың айтқаны бұдан былай «закон» болды. Міне, балалық шағымның қысқаша ғана жазбаша нұсқасы осындай.

   
Еркебұлан Ерлен yerlenyerkebulan
Қазақ. Мұсылман. Инженер.
18 мая 2013, 23:45
643

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Буквально вчера заинтересовался одним любопытным сайтом. Не зря заинтересовался, взбесил он меня не по-детски. Да и не только меня. С этим хитрым сайтом был связан настоящий взрыв негатива в Казнете.
Rulan_Oteshev
13 сент. 2017 / 16:32
Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

16 сентября в Лас-Вегасе состоится боксёрский вечер, главным событием на котором станет бой за титул чемпиона мира в среднем весе между Геннадием Головкиным и Саулем «Канело» Альваресом.
openqazaqstan
13 сент. 2017 / 13:44
  • 5114
  • 33
Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5090
  • 12
Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Сегодня в Казахстане активно обсуждают предложенный латинский алфавит казахского языка в Парламенте, мнения высказываются самые разные, некоторые даже предпочли вообще отказаться от такого перехода.
Shimanskaya
13 сент. 2017 / 12:28
  • 2914
  • 45
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2829
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2169
  • 0
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 1834
  • 21
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 1665
  • 16
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 1908
  • 17