Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:37, 22 мая 2013

Домбыра Party

Былтырдан бастап қазақ блогерлері ұйымдастырып жүрген керемет шара бар. Ол Домбыра Party деп аталады. Халық көп жиналатын жерде домбырамен ән шырқап, күй тартып, қазақтың төл аспабын насихаттау - басты мақсаттары болып табылады.

16 мамыр күні Астана қаласындағы Домбыра Party маусымы ашық деп жарияланды.

Blog post image

Бақытжан Есмағанбет атты өнерлі жігіт Өнер университетінің атынан келді.

Blog post image

Домбыра Partyде өнер көрсеткен Тұтқабаев Ернұр атты жігіт те өнер университетінен.

Blog post image

Домбыра Party Астана қаласында ғана емес,Алматы,Шымкент,Атырау қалаларында да ұйымдастырылады. Барыңыздар,көріңіздер!

Blog post image

Аграрлық университет студенті - Сәуірбек ортада. Халық ұйып тыңдап тұр. Қандай әдемі көрініс!

Blog post image

Қыздар да домбыра тартып, ән шырқаудан кенде емес екен.

Blog post image

Қоңыр домбыраның үнін халық құлағына сіңдіруге септігін тигізетін мұндай шаралар керек-ақ!
Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!

Қоңыр домбыраның үнін халық құлағына сіңдіруге септігін тигізетін мұндай шаралар керек-ақ!Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!

Blog post image

0
954
0