Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:02, 17 мая 2013

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында техник мамандардың курстық даярлығы аяқталды

Жөндеу бригадасының базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттары мен бөлімшелері техниктерінің курстық даярлығы болып өтті.


Бір ай бойы әскери қызметшілер автомобиль көлігінің техникалық құжаттамаларын білу бойынша, дене даярлығы, атыс даярлығы, саптық даярлық және т.б. даярлық түрлері бойынша сынақтар тапсырды. Техник-жүргізушілер жүк машиналары мен ауыр броньды техниканы жүргізуден сайысқа түсті. Құрамалар мен бөлімдер сержанттық құрамымен сабақтар өткізіліп, соңынан олардан ҚР ҚК жарғылары бойынша қорытынды емтихандар қабылданды.
Армияда көлік құралдарының ақаусыз жұмыс істеуі техниктерге тәуелді. Олардың қазіргі заманғы көлік құралдарын уақтылы жөндей білуі түрлі бөлімшелер жауынгерлік әзірлігіне ықпал етеді.
Жиында күнделікті қызметті ұйымдастыру, олардың біліктілігін артыру және кәсіби дағдыларын жетілдіру жөніндегі бірыңғай әдістеме әзірленді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0