• 1328
  • 1
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ауыл әйелінің бір күні...

Менің ауылым. Ол сондай әсем, оған қаланың ешбірі жетпейді. Мен ауылымда еркін әрі еркелеп өскен сары қызымын. Маған ауылымның әр күні, әр адамы, әр үйі, жалпы, несі болмасын тым жақын, өте ыстық. Өйткені ауыл өз баласына еркіндікті, мейірімділікті, жарқындықты, тазалықты, қамқорлықты дарытады, жалпы адами қасиеттерге байытады. Алайда, мұны ауылдың қадірін білмейтін түсінбейтіні анық. Қазіргі гүлденіп келе жатқан еліміздің ауылы бейшара халде. Ондағы әрбір тұрғын өз күнін көруге әбден төселген. Ауылда жұмыс болмаған соң, мал-жанды жинап, қысы-жазы қуқы өмірдің күйбеніне қуырылып жатады...

Ауылдағы нәзік жандылар сол «нәзіктікті» әлдеқашан белбеуге түйіп, ауыр жұмысқа кірісіп кеткелі қашан... Боянып-сыланып отыратын уақыт жоқ, өмірінде болған да емес. Қаланың ханымдары хош иісті болса, ауылдың әйелдері ыстың, малдың, қара жұмыстың, күннің иісіне бөккен. Ерте таңнан мал саууға тұрған ауыл әйелі содан тыным көрмей күндікке тырп-тырп етіп үй мен даланың шаруасын илеп жатады да, тұрады да. Анығында ауыл әйелінің бір күні былай: таңғы 5-терде мал саууға тұрады, бала-шағаның қамы деп қазір әрбір үйде 6-7 сиыр малынан кем емес, одан да көптері бар. Жә, сол сауылған көл-көсір сүтті қол машинасымен тартып, оны қаймаққа айналдырады. Қатырып, май шайқайды. Далаға пеш жағып, таңғы асты дайындайды, балаларын мал бағуға, отағасын шөп шабуға шығарып салады. Күн көтеріле даладан жайылымнан келген биелерді ұстап, сауымға байлайды. Әп-сәтте бие сауынының уақыты келеді. Әрі оны 1,5 сағат сайын сауып отыру абзал және кешке дейін. Қымыз болмаса, ауылды елестету қиын. Түскі тамақ тағы да сол даладағы пеште, ол пештің оттығын кепкен малдың тезегімен жағу үшін, қора-қопсықтан соны жинайтыны тағы бар. Жайылымға кеткен бала-шағаның тамағын аттандырып, тағы да пеш жағуға кіріседі. Бұл жолы нан салатын пеш. Әсіресе жазда нан салатын пеш күнара жағылады... Содан кешкі астың қамы, өрістен қайтқан малды қарсы алу, тағы сауын, тағы азан-қазан. Кешкі тамақ, кір-қонды жуу. Бала-шағаны ұйқыға жатқызу. Тағы сол сияқты жұмыстар. Бір таңқаларлығы – қанша шаршаса да ең соңында ұйқыға жатады... Бітпейтін, жауыр боп кеткен үй шаруалары. Осылай жыл он екі ай өтіп жатыр. Қазіргі ауылдың өмірі қайсар мінезді, өр жанды әйелдің қолынан ғана келетіні анық. Басқа шыдауы екі талай...

Қала әйелдерінің бір күндік өмірін жіпке тізбесе де болады, ол қарақтарым дайынға шаршап жүреді ғой қарап жүріп (өзімнің туысқандарымнан білемін де).

Ауылдың әйелі өмірі үкіметтің жұмысын атқарып көрмеген. Қайдан?! Ауылдың күйрегені қашан. Өзіңді бақ, өз күніңді өзің көр деген үкіметтен күдер үзілгені қашан. Аттай 20 жыл болған. Бары мен жоғын білдірмей, үкіметке сүйенбей, бала-шағасы үшін аянбай тер төккен ауыл әйелі жарық кеңседе, жұмсақ орындықта отырып, бір-екі қағаздың басын қайыратын ақ саусақты әйелден қарағанда ай сайын шытырлатып ақша санамайды, ол байғұс сүтін, қаймақ-майын, құрт-ірімшігін сатып, әркімге жалынышты болып ақша табады. Оны аузынан жырмыштап, үйдің тамағын толтырады. Одан кейін қомақты ақшаны күзгі уақытта үш-төрт тұяқтыны пұлдағанда, әбдіреге саларда көреді. Оның өзі қысқа көмір, балаға киім-кешек, азық-түлік алуға ғана шығындалады. Өзі үстіне сол бала-шағадан қалғанды іліп алып жүре береді.

Қайран ауыл әйелі. Қалай болғанда да өмірің бір жағынан қарағанда сондай қызықты, бір жағынан алып қарағанда өмірің ауыр әрі күрделі, азапты десем де артық айтқаным емес шығар. Енді келіп үкімет әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке ұлғайту керек дейді. Бұл не сандырақ? Бұл не мазақ? Бұл қай сасқандары? Бұл ақылға сыймайтын, айтарға сөз таптырмайтын үкіметтің «былшылы» нені көксеп, нені меңзеп отыр сонда. Ауыл жанын, ауыл адамын, ауылдың қажыған адамдарын ойлайтын, қамын жейтін, солардың азапты күніне араша түсетін есті біреуі қалмағаны ма сонда?! Неден састың, үкімет? Жыртығыңды жамап отырған ауыл екенін естен шығармасаңшы! Ауыл әйелінің зейнетке шығу жасына бәрі бір-ау, алайда өмірінде тиын-тебенді табаны таусылып табатын әйелге ең болмаса сол 58 жасында берсең, нең кемиді?! Неден қысыласың? Араша түсіп, жанашырлық танытатын қайда ерлер? Осындайда «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай... Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!» деп жырлаған Махамбет Өтемісұлының ұранды сөздері көкейге оралады екен. Үкіметтің үкілегендері ауылды көрмек түгіл, маңайына жуымайды ғой. Сол себептен ондағы өмір оларға беймәлім. Халықтың қалаулылары деген атқа лайық болуды қойған ба деймін. Нарығы мен заманы апшыны қуырғанда ауылым адырдың астында қалып бара жатыр, шөгіп жатыр...

Ауылдың жарқын әр таңы,

Басталар содан сарсаңы.

Ауылға келіп кетсеңші,

Ауылды біліп кетсеңші.

Ауылдың қиын өмірі,

Сонда да жарқын көңілі.

Ауылды ұмыт қалдырып,

Үкімет нені көкседі?!

Зейнеттің жасын ұлғайтып,

Әйелді мүлде қарайтып,

Неден сонша қысылды,

Бастап мына кесірді?!..

17 мая 2013, 12:59
686

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8922
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3216
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3389
  • 56
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3356
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3143
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2958
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2544
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2251
  • 18