Пірлер, дінбасылар, әулие-әмбиелер...

nurmura 2013 M05 16
509
2
0
0

Діни дәстүр деген не? Ол – дін ұстаудың қолдан жасалған бір түрін ұстауға күштеп көндіру. Баланың өз ақылымен таңдау жасауға мүмкіндігі жоқ. Құранға, хақ дінге еш қатысы жоқ әдет-ғұрып, ұғымдар шыр...

Діни дәстүр деген не? Ол – дін ұстаудың қолдан жасалған бір түрін ұстауға күштеп көндіру. Баланың өз ақылымен таңдау жасауға мүмкіндігі жоқ. Құранға, хақ дінге еш қатысы жоқ әдет-ғұрып, ұғымдар шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ сәбидің санасына сіңіріле бастайды.

Ой мен Сенімді бір-бірінен бөліп алу мүмкін емес. Яғни, ойланудан ерінген, ойланудан қалған адам – иланудан қалған адам. Ал дәстүрлі дін Сенім мен Ақылды бір-біріне қарсы қояды. Яғни, Сенім бар жерде ақыл керек емес. Бұл екеуінің дұшпандығына «әлім», «уляма», «факих», «мухаддис», «муфассир», «шейх уль-ислам», «аятолла», «худжат уль ислам», «молда», «мәуләна», «әулие», «имам», «мүфтий», «мүршид» тағы басқалай аталатын діни атақтар, қысқаша айтқанда түсіндірмеші пірлердің кәсіби институты дәлел бола алады. Бұл институт сүннизм мен шиизмге, сонымен қатар суфизм, салафизм сияқты олардан бөлінген секталарға тән.

Ақыл мен Сенімнің қайшылығына апаратын нәрсе – дін туралы білімді жай пенденің қолы жетпейтін биікке шығарып қою. Бұл үшін діннің өзі екіге бөлінеді. Бірінші – эзотерикалық, яғни құпия, күрделі, қол жетпейтін биіктегі дін. Екінші – экзотерикалық, бұл – жай «мұсылмандар» күнделікті ұстап жүрген практикалық, қолжетімді дін. Өздеріңіз байқап отырғандай, діннің эзотерикалық тармағында Ақыл қолданылады. Ал оған тек дін иелері мен дінбасылардың ғана хұқы бар!

Дәстүрлі дінде «қасиетті дін білімін» алғандар айрықша мәртебеге ие. Бұл мәртебені олар Дәстүрге ұзақ қызмет етіп, мол еңбек сіңіргені үшін алады. Ондағы еңбек: кітаптан бас алмай, тұтас мәтіндерді жаттау, ол мәтінді жеткізушілердің тізбегін жатқа айту, түрлі секталардағы беделді пірлерге шәкірт болып, сол секта дәстүрін жалғастыру. Пір-абыздықтың бұл түрі негізінен ортодоксал сүннит бағытына тән.

«Мұсылмандықтың» өзге бағыттарында пірліктің басқа варианттары бар. Мысалы, шиизмде – мұрагерлік, суфизмде – азапты тақуалық. Ал іс жүзінде пірліктің түрлері араласа береді. Сүннит әлімдері мен шииттік аятоллалар сопы да бола алады, ал сопылар «әулиелікті» баласына мұраға қалдыра береді.

Тагут

Дінбасылардың бірден-бір мақсаты – хұқық саласын өздеріне меншіктеп алу. Діни заңдар шығару – солардың құзыретінде. «Қасиетті білім бізге берілген» деген желеумен олар дін иелері корпорациясын қоғам үшін заң шығару құралына айналдырып алған. Бұл да ештеңе емес. Дінбасылар мен пірлер қоғамның бүгіні мен болашағына ықпал етіп жатыр.

Осылайша жеке адам мен Құдайдың арасында бөгет пайда болды. Ол бөгет – Дәстүр, яғни Құдайдан бөлек жүйе. Ал жай адамдар осы жүйенің бір бөлшегі ретінде Имансыздыққа қатысып отыр. Құдайдан бөлек заңдар жүйесін Құранда «Тагут» деп атайды. Тагут дегеніміз – мәжбүрлеу, әділетсіздік. Бұл жүйе Хақ дінге балама ретінде шығады. Және өзінің заң шығарушы ретіндегі сипатын алға тартады.

4:60 Саған түскенге және саған дейін түскендерге де сенеміз деп қойып, адам баласы өзіне Тагут төрелік айтқанын дұрыс көреді емес пе, білмеуші ме ең? Адамдарға оған сену әмір етілген жоқ қой! Бірақ шайтан оларды адастырғысы келеді.

Тагут жүйесі – ата-бабадан қалған дәстүрге өте жақын нәрсе. Сенбейтін адамдар Құдай жолы мен ата-баба жолы бір нәрсе деп біледі. Осылайша олар өздерінің ырымдарын, тыйымдарын ақтап алуға тырысады.

16:35 Аллаға серік қосушылар: «Егер Құдай соны қаламаса, біз де, аталарымыз да Одан басқа ешкімге сенбеген болар едік, Ол айтпаған нәрселерге тыйым салмас едік» дейді. Бұрынғы өткендер де дәл осылай еткен. Елшілерге аянды айқын жеткізуден басқа міндет жүктеліп пе еді?

16:36 Біз «Құдайға бас иіңдер, Тагуттан алыстаңдар!» деп үгіт айтуы үшін әр қауымға елші жібердік. Олардың кейбірін Құдай дұрыс жолға салса, енді біріне адасуға бұйрық болды. Жер бетін шарлаңдар, сенбейтіндердің ақыры немен тынғанын көріңдер.

Ата-бабадан қалған дәстүр деген не? Ол – дін ұстаудың қолдан жасалған бір түрін тұтынуға адам баласын күштеп көндіру. Баланың өз ақылымен таңдау жасауға мүмкіндігі жоқ. Құранға, хақ дінге еш қатысы жоқ әдет-ғұрып, ұғымдар шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ сәбидің санасына сіңіріле бастайды. Орыс – православ; қазақ, араб, түрік – мұсылман; еврей – иудей; қытай – даосист, буддист, конфуцийшіл... Мұндағы «православ діні», «мұсылманшылық», «иудаизм», «буддизм» дегендердің барлығы – Дәстүр, адамды ата-бабасы кім болса, сондай болуға мәжбүрлейтін Тагут.

Ал Құдай не дейді? Ол дәстүрлі дін мен Құдайға сенімнің бір-біріне қарама-қайшы, тіпті дұшпан екенін айтады.

2:256 Дінде мәжбүрлеу жоқ. Дұрыс жол мен теріс жолдың арасы анық етіп ажыратылды. Тагуттан бас тартып, Аллаға сенгендер қисаймайтын тіректі сүйеніш етті. Құдай бәрін естіп, біліп тұр.

Оцените пост

0

Комментарии

0
Актобе каласындагы Нургасыр мешитинде кабаргасындагы гарыштан келген НЛО тур. Еки жагына гур шашып. Бундай керемет ислам тарихында болмаган шыгар. Мен оз тажирибемде жан жаеуарлар адам баласы арасындагы мейримдиликти корип танданып журмин АЛЛАХ мейрими мол екенине кахоан каласын гой. Алдыма уш рет келген ормекшиге Ассалаумагалейкумм! дегенимде алдымда саджеде жаткан ормекши ушып турегелип аяктарын тик устап кери шегинип барып кери айналып кетип калганы. АЛЛАХ ормекши жандигинеде таным бергенине кайран калмаганда калай дерсин. АЛЛАХ берген мугзиза коп менин Файсбуктаги хроникадан окуга болады. АЛЛАХ улы мейримди жаратушы.
Показать комментарии