Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:08, 16 мая 2013

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президентігінен үміткер

Blog post image

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика

федерациясының вице-президентігінен үміткер

20-22 мамыр аралығында Мәскеуде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) конгрессі өтеді. Оған осы саланың басы-қасында жүрген барлық лауазым иелері қатысады.

Күн тәртібінде көптеген мәселелер тұр. Соның арасындағы ең негізгісі – аталмыш ұйымның президенті, вице-президенттері және өзге де басшылық қызмет атқаратын басқа да лауазым иелерін сайлау. Бақ сынауға бел буғандар арасында Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының президенті, Азия конфедерациясының вице-президенті Қайрат Тұрлыханов мырза да бар. 2001 жылдан бері осы қызметтің тізгінін ұстаған айтулы азамат сол уақыт аралығында көптеген шаруа тындырғанын дүйым жұрт жақсы біледі. Ең бастысы, осы спорт түріндегі күрмеуі көп мәселелер шешіліп, тығырыққа тірелген салада тың серпіліс байқалды. Отандастарымыз Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаты секілді дүбірлі додаларда мол олжаға кеңеліп қана қомай, командалық есепте таңдай қағарлық нәтижеге қол жеткізді. Азия ойындары, Азия чемпионаты және басқа да аса ірі халықаралық жарыстарда үнемі үздіктер қатарынан көрінді. Осындай ерең еңбектің арқасында Қазақстанның зілтеміршілері бүгінгі таңда әлемдегі маңдайалды командалардың санатына еркін қосылып отыр.

Табаны күректей 12 жыл бойы өзіне жүктелген міндетті абыройлы атқарып келген Қайрат Тұрлыханов мырза енді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болуға тәуекел етіп отыр. Қазіргі кезде осы қызметтің тізгінін ұстауға 40 үміткер өз өтінішін білдірген екен. Бұл мәселе таяу күндері Мәскеуде өтетін Конгресс барысында шешілетін болады. Біз өз кезегімізде Қайрат Болатұлына жеңіс тілейміз.

 
0
491
0