Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:09, 16 мая 2013

Сержанттардың бүкілармиялық кеңесі

Blog post imageБүгін Астанада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында сержанттардың бүкілармиялық кеңесінің II-отырысы өткізілді. Оның жұмысына Қарулы Күштер түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің сержанттар кеңесінің  төрағалары тартылды.

Отырыс жұмысына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты

Қазақстан Қарулы Күштерінде сержанттар кеңесі бұдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Олардың басты тапсырмасы командирлерге әскери қызметшілерді жан-жақты тәрбиелеуде көмек көрсету, әскери ұжымдарда әрбір сержанттың шығармашылық қуатын арттыру болып табылады.

Сержанттардың бүкілармиялық кеңесі жалпы армиядағы басты органдардың бірінен саналады. Отырыста сержанттар Кеңесі сержанттар қызметіне қатысты маңызды өзекті мәселелерді талқылады.

Қарулы Күштердің жиырма жылдық тарихында сержанттар корпусының дамып қалыптасуы үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Қысқа мерзім ішінде сержанттар институтының жеке модулі қалыптасты. Шетелдік сарапшылардың бағалауынша ол әлемдегі жетекші армиялардан кем түспейді.

Бүгінгі отырыстың барысында жоғары сержант құрамы кәсіби кадрларды даярлау және сержант лауазымдарын жасақтаудың сапасы жайын талқылады. Сержанттар мен офицерлердің өзара іс-қимылдарын нығайту туралы ұсыныстар, Кадет корпусындағы әскери тәртіп пен сержанттарды даярлаудың жай-күйі қарастырылды. Сонымен қатар сержанттардың назарынан қару-жарақ пен әскери техниканың күйі, сарбаздар мен сержанттарды аттестациялау мәселелсі де тыс қалған жоқ.

Қарастырылған сұрақтар роталардан бастап Қарулы Күштердің түрлеріне дейін сержанттар кеңестерінде толық талқыланған. Бүкілармиялық кеңестің  қорытындылары мен ұсыныстары сержант корпусын болашақта жетілдіре түсудің негізі болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
452
0