Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:14, 15 мая 2013

Алматыда веложарыс өтеді

Blog post image

 

19 мамырда Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған веложарыс өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Веложарысқа Азияның ІХ клубтық чемпионатында алтын медальді иеленген «Астана» алматылық клубының ватерполистері, сондай-ақ «Бірінші болу батылдық» қайырымдылық марафонының ұйымдастырушылары қатысады.

Веложарыс бағыты: Әл-Фараби даңғылынан, Тәттімбет көшесінің бұрылысы (үңгіртау) – Әл-Фараби даңғылымен – Науаи көшесіне дейін – Мұстафин көшесіне дейін.

Веложарысқа қатысушылар сағат 08:00-де жиналады. Веложарыс 08:30-да басталады. Белгіленген нүкте – Тұңғыш Президент саябағы. Жарысқа белсенді қатысқандар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Қатысамын деушілердің барлығына есік ашық!

 
0
539
0