Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:44, 15 мая 2013

Құрлық әскерлері басшы құрамының жедел-әдістемелік жиыны

Blog post imageБүгін Астанада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-полковник  Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері басшы құрамының жедел-әдістемелік жиыны аяқталды.

Ол үш күн бойы астаналық десантты-шабуылдаушылар бригадасының базасында өткізілді. Жиын жұмысына Құрлық әскерлерінің  бас қолбасшысы  генерал-лейтенант Мұрат Майкеев басшылық жасады.

Жиын жұмысын өткізуге өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектері мен  әскери бөлімдердің басшы өкілдері тартылды. Сабақтар барысында  офицерлер жауынгерлік  дайындық шараларын ұйымдастыру әдістемелері туралы сабаққа қатысып, күнделікті  және  ұрыс барысында әскерлерді басқару ерекшеліктерін оқып  үйренді.

– Заманауй қауіп қатарлер сипатының үнемі өзгеріп отыруына және жауынгерлік әзірліктің қарқынды дамуына байланысты жауынгерлік оқудың ұйымдастырудың  әдістемесі жетілдіруді және нақтылауды қажет етеді,-деп атап өтті жедел-әдістемелік жиынның маңыздылығына баса назар аударған Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы.

Бұл үшін жиын барысында роталық-тактикалық жаттығу жауынгерлік атыс бойынша өткізілді. Мұнда  далалық оқу-жаттығу құралдарының заманауй үлгілері көрсетілді.

Сабақтармен қатар жедел-әдістемелік жиынға қатысушылар атыс, дене дайындығы, тактикалық дайындықтан сынақтар тапсырды. Өздерінің кәсіби біліктіліктерін дәлелдеді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері басшы құрамының жедел-әдістемелік жиыны Құрлық әскерлерінің қысқы оқу кезеңіне қорытынды жасаумен аяқталды. Ең үздік командирлер мен әскери бөлімшелер негізгі үш өлшем бойынша анықталды. Мұнда жауынгерлік әзірліктің сапасына,  қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйіне, әскери тәртіпке баса назар аударылды.

Қысқы оқу-жаттығу кезеңінің қорытындысы бойынша генерал майор  Рысбаев Василий Несипказинович жетекшілік ететін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен генерал-майор Алмаз Джумакеев басқаратын Астана қаласындағы десантты-шабуылдаушылар бригадасы үздік деп танылды.  

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
299
0