• 9811
  • 12
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қаржы пирамидаларының әлегі.

Қаржы пирамидаларының әлегі.

Алдында Ержан Алашпен болған бір сұхбаттан кейінгі ойыммен бөліссем деймін. Соңғы кезде қоғамда біздің қазақы дүнетанымға жат қаржылық сыпаттағы үрдістер орын алып жатыр. Дүйім жұртқа ол таңсық болып көрінгенмен, қазақ қарттарынан бастап жастарына шейін сол жобаларға етене араласып, бүгінде көпшілік сақалын сипап сазда отырған күй кешіп отыр. Біреу мүмкін қарсы болар, біреу жақ болар, дегенмен осы үрдістің ортақ атауы - Қаржылық Пирамидалар.
Сонау 19 ғасырдан бастау алған әпербақан итальяндық алдаркөсе Понциден, одан қалса беріректегі Мавродиден алданған халықтың жағдайы өкінішке орай қазақ жастары үшін сабақ бола алмай отыр. Соңғы кезде осындай қаржылық жүйеге жастарымыз отбасыларымен кіріп, өзге жұртты артынан ілестіріп, өз-өздеріне құдық қазып жатыр. Ондай қаржылық пирамидалардың артында тоңмойын, тек ақшаны ғана танитын адамдар тұрғанын көпшілік біле бермейді.

Ержан Алаштың айтуы бойынша оған көп достары сондай мекемелерге ақша салмақ оймен кеңес сұрап келген екен. Ондай жүйге кірудің залалы бастан асып жатқанын тәпіштеп тұрып байыбына жеткізсе де, оның кейбір достары оны тыңдамай кіріп, кейін сан соғып, бармақ тістеп қалған екен.
Соңғы кездері бұндай жүйелер өзінің көзді алдау үшін шығаратын өнімдерін заман талабына орай әрқалай өзгертіп келеді. Бұрындары Құдайға керегі жоқ өтірік шипалы сақина, белбеу сататын болса, соңғы кезде ғаламтор софт программаларын сататын "Talk Fusion" деген компаниясы пайда болған. Ал баяғы жартас сол жартас. Яғни ақша жасау жүйесі өзгермеген. Яғни сіз ақша саласыз. Одан соң артыңыздан адамдар іздейсіз. Олар да ақша салады. Салған адамдардың ақшасынан "шелектің түбінде қалған айранын жалауға" жететіндей сізге аз мөлшерде ақша береді. Сөйтіп сізді алдарқатады. Ал ақшаның дені, сол жүйені құрған тоңмойын бәзбіреулердің қалтасына түседі. Осыған алданған қазақтардың мәз-мейрам болып жүргеніне қарап жаның ашиды. Бір кездері Ғұндардың, бір кездері жауынгер қазақтардың ұрпақтары бүгінгі қазақ жастары сонша ұсақтанып, ез, бейшара болып кеткеніне қарап іштей қынжыласың.

Өзі кірген адам өзгені де тартады. Әсерлі етіп көрсету үшін: "Пәленшені білесің бе? Сол қазір "Мерс" мініп жүр. Түгеншені білесің бе? Сол қазір жұмысын тастады, қазір оган жұмыс керек емес, ақшаны апта сайын алып тұрады" - деп аузы көбіктенгенше түсіндірумен болады. Егер сіз сондай жүйеге ақша салсаңыз, сіз де сөйтіп аузыңыздан көбік атқанша сөйтіп өзгеге белгісіз бір пәленше мен түгеншелердің жетістіктерін айтып жүресіз. Сөйтіп бейшара болған қазақтар, одан сайын бейшара бола түспек. Осыны ойлап отырып және Ержан Алаштың айтқандарын қорыта отырып, мен мынадай тұжырымға келдім.

1) Қаржылық пирамидаға кіретін адамдар әлсіз, білімсіз және көрсоқыр болып келеді. Себебі жеңіл ақша табуға құмар болып келетіндер әдетте әлсіз болып келеді.

2) Қаржылық пирамидаға кіретіндер білімсіз болып келеді. Себебі білімді адам ондай жүйенің дұрыс қисыны жоқ екенін түсінеді. Түсінгендіктен ондай табысқа өз бауырын немесе досын тартпақ түгіл, өзі де жоламайды.

3)Қаржылық пирамидаға кіретіндер жатып ішер жалқаулар болады. Себебі жалқау ғана өз білімі мен білегіне сенбей, сондай жеңіл ақша табуға құмар болады.

4) Қаржылық пирамидаға кіретіндер надан болып келеді. Ондайларды алдау оңай болғандықтан, пирамида мәңгүрттері сондай адамдарды өз қатарларына тартуға әуестеніп алған.

5) Қаржылық пирамидаға кіретіндер әдетте бір нәрсенің байыбына баруға ойы жетпейтін, бір нәрсені саралап қарауға ақылы жетпейтін сенгіш, өз пікірі және ойы жоқ адамдар болып келеді. Ондайларға кеттік десең бәрібір, қайда болса да шауып кете береді.

6) Қаржылық пирамидаға кіретіндер көбіне осы өмірде жолы болмай жүргендер. Ондайлар аннан-мыннан тауып жүрген табысына күнелте алмай, ақыры осындай оңай жолмен ақша табуға әуестеніп кеткен. Бірақ бәрі ол ойлағандай болмайды. Керісінше өзінің қаржылық жағдайын өзі бүлдіріп, ақыры жалғыз өзін емес, айналасындағы адамдарды да құрдымға итермелей түседі.

7) Қаржылық пирамидаға кіретіндер ойы бос адамдар. Ондай адамдарда креатив дегенге мақұрым келеді. Олар үшін ақша табудың басқа амалы жоқтай, сондай арзан ақшаға құмар болады. Солардың кейбірі ақша тауып жатса да, олардың тапқан ақшасы өзге халықтың құйған ақшасының есебінде жатыр. Тіпті таппақ түгіл, солардың көбісі ақырында сақалын сипап сазда отырады.

8) Қаржылық пирамидаға кіретіндер адамды алдап-арбауға әуестенген адамдар. Олар сіздге сол жүйеге кіру үшін барлық өтірікті айтып шығады. "Бүйтсең былай болады, сөйтсең былай болады" деп таудай уәде беріп, шешенше көсілгенде кейбір адамдар сеніп қалып, жиған-тергенін беріп жібереді. Кейін осы ақшасын үстемелеп қайтару үшін, олар да бағанағы әдеттегі өтірікті өзгеге таратады. Сөйтіп өздерінше ақша жасап жүрміз деген адамдар, шынтуайтында өзгені алдап, болмашы тиынға бола, титықтап жүріп немесе қарызға алып жинаған қаржысын өзгенің баюына беріп жүр.

Ал нағыз жігіттер мен қыздар ондай жүйеге жоламайды. Олар білім мен білектің күшіне сеніп "нартәуекел" деп адал еңбекті ғана мақсат етеді. Әлгіндей "мерс" мініп жүру атамыздан қалған мақсат емес, бірақ жақсы көлік мінгенді кім қаламайды? Бірақ қаласақ, ондай көлікті дұрыс еңбек қылып та табуға болады. Ең бастысы ақша табу оңай емес екенін түсіну керек... Жылт-жылт еткенге қызығып жүре беретін құлдық санадан арылу керек.

Айнұр Қабиева
Айқап.kz ақпараттар порталы

Yerzhan_Alash
15 мая 2013, 17:11
189

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Adamdardin kobi onayga jugiredi ,kynalmay aksha tapkisi,dereu bakitka 、baylikka kenelgisi keledi 。Al op- onay kele salatin narse bul jahanda jok-koy?! Bolip jatkan kunnin ozinde ,arti jamanga aparip sogiladi。Meyli ekonomikadan habariniz bar bolsin ,jok bolsin ,akshanin tek oziniz uzdiksiz 、kajirli turde 、zanga kaushi kelmey、enbek etkende gana jinalatinin tusinseniz ,bunday aldamshi karmakka ilinbeysiz !

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13946
  • 29
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 11850
  • 18
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10989
  • 102
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8598
  • 34
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 4094
  • 9
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3368
  • 62
Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

У него нет растяжек на теле, его не тошнит и не рвет, у него не расходятся кости таза, нет тяжести при ходьбе, его по органам никто изнутри не пинает. Как тяжело выдержать 9 месяцев мужику, бедные...
idol_true
26 мая 2017 / 16:52
  • 3551
  • 95
«114» на связи: актуальные вопросы о Рамадане

«114» на связи: актуальные вопросы о Рамадане

Можно ли держать Оразу только три дня? Необходимо ли удалиться из социальных сетей во время поста? - на эти и другие вопросы отвечает исламовед Шерзод Пулатов.
lyalusha
27 мая 2017 / 8:30
  • 3200
  • 4
Я могла простить Америке ее неидеальность, но никак не фальшь

Я могла простить Америке ее неидеальность, но никак не фальшь

Прошло 8 лет, с тех пор как я живу в этой стране, но всего лишь год, как я увидела ее во всей красе. Моя жизнь тоже стала похожей на эту страну, с виду идеальная, успешная, но внутри пустая.
stervastyle
26 мая 2017 / 6:38